« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаттары, Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракция мүшелері Абзал Ералиев, Нұрлан Дулатбеков, Бейбіт Мамраев, Бақтияр Мәкен, Кәрібай Мұсырман аймаққа іссапармен келіп, өңірде Елбасы Жолдауы мен бес әлеуметтік бастамадан туындайтын міндеттердің орындалуы барысын бағамдады. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құттықожаев халық қалаулыларын аймақтың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Ең алдымен мәжілісмендер Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Архив-2025» бағдарламасының өңірлерде орындалуын көріп, архив ұжымымен кездесті.
Өткен жылы жаңа ғимаратқа қоныстанып, уақыт талабына сай цифрландыруға көшкен архив жұмысында жүйелілік бар. Бүгінгі күнге дейін 186 мың құжатты сақтап келген мекемені алдағы уақытта «Архив-2025» бағдарламасы аясында толықтыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Шетел мұрағаттарынан тарихи құжаттарды жинақтау мақсатында арнайы мамандардан топ құрылып, дайындық жұмысы жүргізіліп жатқанын облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ә.Ерсұлтанов атап айтты.
Мәжіліс депутаттары архив жұмысын жандандыратын заңның іс жүзінде жүзеге асыру керектігін айтып өтті.
– Өткен жылы «Архив ісі» туралы заң қабылданып, күшіне енді. Бұл заңда көптеген жаңашылдықтар бар. Осы салада заңның өңірлерде жүзеге асыру барысымен танысуды мақсат еттік. Сыр өңірінде жаңа ғимарат салынып, архив қызметкерлеріне жұмыс істеуге барлық жағдай жасалынды. Мұндай архивтер өңірлерде сирек. Бұл аймақ басшылығының салаға ерекше назар аударғанының нәтижесі деп ойлаймын. Бұл өте маңызды сала. Біздің тарихымыз осында.
Мәдениет және спорт министрлігі әлі күнге дейін архивтердің ақылы қызмет көрсету бағасын белгілемеген. Бұл барлық өңірлерге тән нәрсе. Бұл мәселені көтереміз,–дейді Мәжіліс депутаты Кәрібай Мұсырман.
Мұнан соң депутаттар «Рухани жаңғыру» орталығында болды.
Мәжіліс депутаттарының іссапары Шиелі ауданында жалғасты. Мұнда «Ару Ана» түйе сүтін өндіретін цех жұмысымен және «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-ның іс барысын көріп, ұжыммен кездесті. Сонымен қатар аудандық аурухана құрылысы, жаңа спорт кешені, кәсіптік салаға маман даярлайтын индустриялық-аграрлық колледж жұмысы және ауылдың тыныс-тіршілігі депутаттар назарынан тыс қалған жоқ.
***
Уақыт өткен сайын «Нұр Отан» партиясы ұйымдастыратын қоғамдық қабылдаулардың халық арасындағы рөлі артып келеді. Қазір партиядан көмек сұрап немесе осында келіп ұсынысын ортаға салатын азаматтардың қатары көбейген. Бұған біз ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Бейбіт Мамраев пен Кәрібай Мұсырманның облыстық филиалда өткізген қабылдауында тағы да көз жеткізгендей болдық.
Қабылдау барысында халық қалаулылары әрбір тұрғынғаөңірдегі сапарларының негізгі мақсатын таныстырып жатты. Толғандырғанмәселелерге де құлақ түрді. Өтініштердің басым бөлігі «Алтын алқа», «Күмісалқа» иелеріне берілетін жеңілдіктерге, тұрғын үймен қамту, педогог мәртебесі,соның ішінде ЖОО-ғы профессор-оқытушылардың жалақысын көбейтуге, сондай-ақ,алимент төлемін өндіруге қатысты болды. Шара барысында депутаттар өтініштердіжергілікті филиал ұжымымен және тиісті басқарма басшыларымен ортақ талқығасалды. Зерттеп-зерделеп, заң шеңберінде кеңестер берді және олардың шешімтабуына ықпал ететіндіктерін жеткізді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |