КАРШЕРИНГ ҚАЗАҚСТАНҒА ДА ЖЕТТІ

КАРШЕРИНГ ҚАЗАҚСТАНҒА ДА ЖЕТТІ

Дамыған мемлекеттерде каршеринг деген бар. Бір сөзбен айтқанда, автокөлікті жалға алу қызметі. Қазақстанға жеткеніне көп бола қойған жоқ. Шарты оп-оңай. Кез келген адам ұялы телефонына арнайы бағдарламаны жүктейді. Жеке басын растайтын ақпаратты толтырып, банк карточкасын тіркейді. Содан кейін әлгі бағдарлама арқылы жақын маңдағы көліктің тұрған орнын анықтап, бір айналып келуге болады. Ақысы минут бойынша қойылып, темір тұлпарды пайдаланған уақытпен есеп айырысасыз. Жол-көлік оқиғасы бола қалған жағдайда қарастырылатын сақтандыру полисі, одан бөлек, жанармай, автотұрақ, көлік жуу мен жөндеу шығыны сіз төлеген ақшаның ішінде. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қаңтар 2019 г. 691 0
ТУҒАН ЖЕРІНЕ ЖҮРЕК  ТАМЫРЫМЕН НӘР БЕРГЕН

ТУҒАН ЖЕРІНЕ ЖҮРЕК ТАМЫРЫМЕН НӘР БЕРГЕН

Мал баққан қазақты атакәсібінен айырып жан бақтырған кеңестік нәу­бет ашаршылыққа ұласты. Сол заманда Шиелі ауданындағы Жуантөбе ауы­лының да біраз жұрты Қызылқұм арқылы жоғары жаққа қарай ауа көшті. Осы бір ұзақ, азапты жолда 1922 жылы дүниеге келген алты жасар Пазылхан да бар еді. «Адасқанның алды жөн», көшкіндердің айналасы толған жау. Кез келген уақытта қызыл өкіметтің шабармандары қуып жетіп, тас-талқан етіп кете алатын. Бейнетке белшеден малынып келе жатқандарды торуылдап, ұрмай-соқпай құтыдағы суларын сарқып, бес-он малын айдап кететін ұры-қарылар да қабаттасып жүр. Кейбір кісілер шөлден көзі аларып, жолда жан тапсырды. Бұл – айтқанға ұзақ хикаят.
ТАҒЫЛЫМ 20 қаңтар 2019 г. 727 0
Бесіктің қадірі

Бесіктің қадірі

Әлеуметтік желінің дәурені жүріп тұр. Бірақ сол желіде жүгенсіз кеткен небір дүниені көргенде көңіл құлазиды.  Жуырда «Инстаграмнан» қоқыс жәшігіне тасталған бесіктің суретін көріп, көпке дейін көңілім түсіп жүрді. Бәлкім, оны суретке түсіріп алып, жариялаған кісінің де мен секілді жүрегі ауырған шығар.
ЖАРНАМА 20 қаңтар 2019 г. 1 408 0
НАУРЫЗҚОЖАНЫҢ  «НАЙЗАСЫ»

НАУРЫЗҚОЖАНЫҢ «НАЙЗАСЫ»

  Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Атқа міну мәдениеті» тарауында жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болғаны жайлы айтылған.Қамбар ата тұқымының қазақ үшін қадірі бөлек. Боз үйінің белдеуінде ат байланып тұрмаса, ішкен асы бойына сіңбейтін бағзы бабаларымыз «Адам жылқы мінездес» деген сөз қалдырыпты. Ұлттық ойындарымыздың көпшілігі де осы түлік түріне байланысты. Соның бірі – көкпар.  Көкпар – көшпенділердің байырғы заманнан бері келе жатқан ғұрыптық-жауынгерлік ойын өнері. Бабаларымыз ұлттық ойын түрлерін жетілдіру ар­қылы әскери-жауынгерлік да­йын­­дыққа мән берген. Көк­пар­дың түпкі шығу тарихы осыны меңзейді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қаңтар 2019 г. 783 0