Бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаған Қызылорда облысының әкімі марапатталды

Бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаған Қызылорда облысының әкімі марапатталды

 Бүгін "Индустрияландырудың екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған" Жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа  «Ең үздік бизнес орта құрғаны үшін»  номинациясы бойынша "Алтын сапа" сыйлығын табыстады. Айта кетейік, бұл жоғары баға өңірде бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаған және дамуына зор үлес қосқан аймаққа беріледі. Өткен жылы бұл марапатты алғаш рет Астана қаласының әкімі Әсет  Исекешов алған болатын.Сондай-ақ, бүгін ЭКСПО Конгресс орталығында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз-2018» конкурсының жеңімпаздары марапатталды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2018 г. 794 0
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ӨСУІ БОЙЫНША КӨШБАСШЫ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ӨСУІ БОЙЫНША КӨШБАСШЫ

2018 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған ең үздік өңір деп танылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2018 г. 776 0
Ержан Бабақұмаров Президент Әкімшілігінде құрылған жаңа орталықтың меңгерушісі болды

Ержан Бабақұмаров Президент Әкімшілігінде құрылған жаңа орталықтың меңгерушісі болды

Ержан Бабақұмаров ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды. «Мемлекет басшысының Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды», - делінген Ақорданың ресми сайтында.  Бұған дейін, Елбасының Жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымына тиісті өзгеріс енгізіле отырып, Талдау және болжамдау орталығы құрылғанын хабарлаған болатынбыз.   
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2018 г. 752 0
Made in KZ: Елімізде 28 нысан іске қосылды

Made in KZ: Елімізде 28 нысан іске қосылды

Бүгін Астанада Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» телекөпірі өтті. Онлайн режимде бірқатар индустриялық, инфрақұрылымдық, аграрлық және цифрлық жобалар іске қосылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2018 г. 745 0
Астанаға газ тартудың бірінші кезеңі басталды

Астанаға газ тартудың бірінші кезеңі басталды

Бүгін Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясындағы жалпы ұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сарыарқа» газ құбырының құрылысын бастауға рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2018 г. 766 0
ТАМПОНАЖДЫ ЦЕМЕНТ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТАМПОНАЖДЫ ЦЕМЕНТ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық телекөпір барысында қуаттылығы жылына 1 млн.тонна болатын цемент зауытын іске қосу және "Қараөзек" станциясынан "Сарыарқа"магистральды газ құбырының құрылысын бастау рәсімі өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2018 г. 981 0

"Азамат" оқу орталығы

      "Zhasproject" жобасы аймақта жаңа кәсіпкерлік нысандарының көбеюіне жол ашты. Айталық, қазір облыс орталығында осы жоба аясында "Азамат" оқу орталығы жұмыс жасауда. Мақсаты - аз қамтылған отбасы тұрғындарының компьютерлік сауаттылығын арттыру. Бүгінгі таңда облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-мен бірлесе отырып фото түсірілім курсы бойынша жалпы саны 50 жастың 25-і толық курсты аяқтап, сертификаттар иеленді.
АҚПАРАТ 11 желтоксан 2018 г. 604 0
«Dalatex» – республикалық байқау жеңімпазы

«Dalatex» – республикалық байқау жеңімпазы

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын табыстады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2018 г. 1 005 0
Қызылорда облысында мың шақырым газ құбыры тартылады

Қызылорда облысында мың шақырым газ құбыры тартылады

Бүгін Елбасының қатысуымен өтетін жалпыұлттық телекөпір аясында бірнеше индустриялық жоба іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2018 г. 766 0
Полярлық шұғыла қалай пайда болады?

Полярлық шұғыла қалай пайда болады?

"Полярлық шұғыла немесе Cолтүстік шұғыласы — Жер атмосферасының ионосфера қабатында байқалатын жарқыл. Полярлық шұғыла ғарыштан келетін жоғары энергиялы зарядталған бөлшектердің (электрондар мен протондардың) атомдар мен молекулалармен әрекеттесуі (90 — 1000 км биіктікте) нәтижесінде пайда болады". 
ТАНЫМ 11 желтоксан 2018 г. 1 615 0