Бүгін
"Индустрияландырудың екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған" Жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа
«Ең үздік бизнес орта құрғаны үшін» номинациясы бойынша "Алтын сапа" сыйлығын табыстады. Айта кетейік, бұл жоғары баға өңірде бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасаған және дамуына зор үлес қосқан аймаққа беріледі. Өткен жылы бұл марапатты алғаш рет Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов алған болатын.
Сондай-ақ, бүгін ЭКСПО Конгресс орталығында ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі «Парыз-2018» конкурсының жеңімпаздары марапатталды.