Менингитке қатысты елдегі ахуал қандай?

Менингитке қатысты елдегі ахуал қандай?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылғы 2 қарашадағы менингококк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға есеп берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Денсаулық 03 қараша 2018 г. 3 006 0
Әлем чемпионатында алғашқы жүлдеге қол жеткізді

Әлем чемпионатында алғашқы жүлдеге қол жеткізді

Қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей Ашxабадта өтіп жатқан Әлем чемпионатында алғашқы марапатқа ие болды. Отандық спортшы күміс жүлде иегері атанды, - деп xабарлайды Olympic.kz.
ДОДА 03 қараша 2018 г. 983 0
5G ұялы байланысына ие iPhone қай жылы жарыққа шығады?

5G ұялы байланысына ие iPhone қай жылы жарыққа шығады?

Өзге компаниялар ерекше интернет жылдамдығына ие 5G ұялы байланысын өз өнімдеріне орнату үшін қазірден қамданып жатыр. Смартфон нарығындағы компаниялар да Инстаграмда жаңа трендті аңдып отыратын блогерлер сияқты... Ал Aplle асықпайды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қараша 2018 г. 783 0
Жалған ақша жасаған Өзбекстан азаматы сотталды

Жалған ақша жасаған Өзбекстан азаматы сотталды

Қызылорда қаласында жалған ақша жасаған 22 жастағы қызылордалық және 24 жастағы өзбекстандық азамат бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қараша 2018 г. 762 0
«УНИВЕРСАМ» САУДА ҮЙІ ЖАНЫНДАҒЫ АЛАҢ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

«УНИВЕРСАМ» САУДА ҮЙІ ЖАНЫНДАҒЫ АЛАҢ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

Қызылорданың 200 жылдығына орай облыс орталығында "Универсам" сауда үйінің жанындағы алаң қайта жаңғыртылды. Бұл - мерейтойға орай Сырдария ауданының тартуы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қараша 2018 г. 815 0

ҚАЙРАТКЕР

Төрт мезгілдің тосын мінезінен ықпай, ыстық-суығына жығасын жықпай, жал-құмды тістеп өсіп, жан-жағына жұпар шашып тұратын жусандай жанкешті, бүтін ғұмырын кіндігінен байланған туған өлкенің тағдырына түйіндеген тұлғалар аз ба, бұл маңайда?! Арғықазақ пен бергіқазақтың бес астанасы кереге керген Сыр бойының шежіресін шыжымдасақ, ат үстінде тақымы құрғамаған батырлар, кеудесіне жыр қамаған ақындар, шеребемен ширатып сөз бастаған шешендер, «көргені жақсы көш бастаған» көсемдер тағылымы жадыңа жарық құйып, жүрегіңе жылы ағыстай жүгіріп, андағайлап шықпай ма, алдымыздан?! «Рухани жаңғыру» ұлттық жобасы бойынша солардың шынайы бейнесін ақтаңдақтар тозаңынан аршып алып, бүгінгі ұрпаққа үлпәт үлгі, үзілмейтін үрдіс етіп жатырмыз. Аллаға мың да бір шүкір десек те, кешегі кеңес дәуірі туралы тіл қатқанда, аңысын аңдап, ақырын басып, айналаға алақтай қарап, қарадай қуыстанып, әлденеден сақтанып, күмілжи беретініміз неліктен екен? Социалистік қоғамның жепігін желге суырып, қызылын шымшып теріп, тарихтың қырманына құйсақ болды, аттандап шыға келетін жұрт көп бүгінде. Рас, кешегі жүйенің қиянат-қияпатынан сүйегің сыздап, жүрегің мұздап, иегің кемсеңдейді... Алайда сол кезеңдерде туып-өссе де, бабалар рухын бойына сіңіріп, болмысын бұзбай, ұлтқа кіршіксіз қызмет еткен әкелеріміз бен ағаларымызды қалай ұмытамыз? 
ҚОҒАМ 03 қараша 2018 г. 959 0

ХАЛЫҚТЫҢ ЕРКІН БІЛДІРУ- МЕРЕЙЛІ МІНДЕТ

Қармақшы ауданы бойынша, яғни бар­лық елді мекендер мен Байқоңыр қаласын қосқанда аудандық мәслихат депутатта­рын сайлау жөнінде 13 сайлау округі бар. Депутаттық корпус 2016 жылдың 25 наурызында жаңадан жасақталып,  аудандық мәслихаттың 13 депутаты бүгінде өз қыз­меттерін атқаруда. Әрбір халық қалаулы­сының қоғамда өз орны бар, бір сөзбен айтқанда, халықтың мұң-мұқтажы жолында тер төге алатын, қоғамдағы процестердің барлығына қатысушы, жоғарғы билік ал­дында сол халықтың сөзін сөйлей алатын азамат ретінде елге белгілі тұлғалар. Жал­пы атқарушы органдар тарапынан бағдарламаға, жоспарға, іс-қимылға сәйкес атқарылатын жұмыс­тар депутаттар мен тұрғындар арасында талқыланып, ұсыныстармен нақтыланып отырса, халық пен билік арасында тығыз байланыс күшейе тү­сетіні белгілі. Аудандық мәслихатта «Экономика,  қаржы,  бюджет,  жергі­лік­ті басқару және дағдарысқа қарсы іс-қимыл», «Аймақтық даму, өндіріс және ауыл шаруашылығы салалары, сауда, бизнес кәсіпкерлікті дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану», «Әлеу­меттік, жастар саясаты, құқық қор­ғау, спорт, туризм және мәдениет» мә­селелері жөніндегі комиссиялар жұ­мыс атқарады.   
АҚПАРАТ 03 қараша 2018 г. 600 0

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛЫП ЖҮР?

А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тұтынушылардың құқығын қорғау – халық тұрмысын арттырудың негізгі жолы» тақырыбында республикалық конференция өтті. 
ҚОҒАМ 03 қараша 2018 г. 815 0
МӘСКЕУ–  МАҒЫНАЛЫ  ШАРАЛАР МЕКЕНІ

МӘСКЕУ– МАҒЫНАЛЫ ШАРАЛАР МЕКЕНІ

Бақытты ұрпақБіз үшін жергілікті уақытқа бейім­делу алғашқыда ауыр тиді. Үш сағат айырмашылық кәдімгідей күйзелтіп қойды. Оның үстіне ертелі-кеш күн­нің көзі бір ашылмай тұр. Үздіксіз жаң­быр бүркіп, табиғат тұнжырайды. Ауа райының бұл болмысы көңілді де жабырқатып жібергендей. Мейлі қала, мейлі қалама, біздің қолдан келер шара жоқ, күз мезгілі сенімен санаспайды.
ҚОҒАМ 03 қараша 2018 г. 657 0
«Магнит» баланың бүгінгі жағдайы қандай?

«Магнит» баланың бүгінгі жағдайы қандай?

«Магнит» баланың бойындағы тартылыс күші күшейіп жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қараша 2018 г. 399 0