Н.Бекежанов атындағы драма театрында өткен салтанатты шарада ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Сыр жұртшылығын мерейтоймен құттықтап, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қызылорданың 200 жылдығына орай жолдаған құттықтауын жеткізді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қыркүйек 2018 г.
680
0
Аймағымыздағы жастар саясатын дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік маңызы бар жобасы аясында 28 қыркүйек күні «Балалар біздің болашағымыз» еріктілер тобының ұйымдастырумен №8 мектеп-интернатында «Бала өмір шуағы» атты концерттік бағдарлама өтті. Концертке мектеп – интернатының оқушылары қатысты. Шара барысында балалардың ой-танымын кеңейтуге, достық қарым-қатынасты нығайтуға арналған тренингтер мен ойындар ұйымдастырылды. Көңілді кездесу соңында оқушылар күннің қызықты өткенін айтып пікір білдірсе, еріктілер тобы алдағы уақытта тағы келуге уәде берді.
АҚПАРАТ
28 қыркүйек 2018 г.
539
0
Құрметті қызылордалықтар! Баршаңызды Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!Ерте замандардан бері ұлтымыздың ұйытқысы болған Сыр өңірі – қазақ баласы үшін қашан да қадірлі. Қобыз атасы – Қорқыт бабамызға топырақ осы даладан бұйырды. Осы байтақта қазақ жыршылық өнерінің айырықша мектебі қалыптасты.Шығыс даналығында: «Халықтар қалаларды, ал қалалар мемлекетті құрайды» деген тәмсіл бар. Өркениеттің өлшеуіндей болған әсем қалалардың Сыр бойында болғаны да тегін емес. Әлеуметтік-саяси мақсаттарды жүзеге асыруда сол қалалардың маңызы ерекше болды. Бүгінгі Қызылорданың бағасы да солардан бір кем емес. Алмағайып замандарда Сыр өңірі талай ұлт пен ұлысты жат деп жатсынбай, бауырына басты. Сасқанға сая, жабырқағанға пана болды. Алғашқы өнер-білім ордалары орын тепкен, ұлт зиялылары шоғырланған Қызылорда өңірі бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеген іргелі облысына айналды. Қызылорда қаласы Сырдың сол жақ жағалауына қарай кеңейіп, сәулеті мен дәулеті келіскен шаһарға ұласты. Жаңарған, жасарған Қызылорда – азаттығымыздың айқын көрінісі, ынтымағымыздың жемісі. Берекелі Сыр жұртшылығына ырысты ынтымақ пен берекелі бақ тілеймін! Екі ғасыр қазақ топырағын тебірентіп, қазақ баласын тербетіп келе жатқан қасиетті жер аман болсын!Нұрсұлтан Назарбаев
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қыркүйек 2018 г.
935
0
Дәстүр бойынша әрбір күзде Apple компаниясы жаңа флагмандарды ұсынады. Биылғы жылы Apple компаниясы iPhoneXs, iPhoneXsMax, iPhoneXr және AppleWatchSeries 4 смартфондарды ұсынды. KcellStore желісінде және «Кселл» абоненттік кеңселерінде 28 қыркүйектен бастап iPhoneXs және iPhoneXsMax толық құнына және ұялы Дәстүр бойынша әрбір күзде Apple компаниясы жаңа флагмандарды ұсынады. Биылғы жылы Apple компаниясы iPhoneXs, iPhoneXsMax, iPhoneXr және AppleWatchSeries 4 смартфондарды ұсынды. KcellStore желісінде және «Кселл» абоненттік кеңселерінде 28 қыркүйектен бастап iPhoneXs және iPhoneXsMax толық құнына және ұялы байланыс қызметінің топтамасымен бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады. қызметінің топтамасымен бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады.
ҚОҒАМ
28 қыркүйек 2018 г.
733
0
Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы қарсаңында қаланың сол жағалауындағы жаңа нысан – «Рухани жаңғыру» орталығы мен қалалық мұражай ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Нысан 1925 жылы ұлтқа «қазақ» атауын қайтарып беру туралы тарихи шешім қабылданған Қазақ Орталық Атқару комитеті ғимаратының сызба-нұсқасы негізінде салынған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қыркүйек 2018 г.
1 213
0
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Душанбеге келген бойда Тәжікстанның Президен ті Эмомали Раxмонмен «Коxи Самон» резиденциясында кездесті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қыркүйек 2018 г.
614
0
Ертең Душанбеде өтетін ТМД мемлекет басшыларының кеңесіне қатысу үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Душанбеге ұшып келді деп хабарлайды 24.kz. Президенттер әуелі шағын құрамда кездесіп, достастық елдері арасындағы байланысты бекемдеудің жолдарын талқылайды.
Саясат
28 қыркүйек 2018 г.
1 180
0
Кәсіпкерлер үйінде өткен жиында қызылордалық коалиция өкілдері шағын және орта бизнесті дамыту бағытындағы жұмыстарды пысықтады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қыркүйек 2018 г.
1 063
0
Астана Media Week: Digital Forum аясында «Select Communication Group» СЕО маманы Виктор Елисеев «МАСС-медиада жалғыз әрекет ету. Цифрлық БАҚ кезеңіндегі конвергентті журналистика» тақырыбында ой бөлісті, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қыркүйек 2018 г.
717
0
Бүгін, жылдағы дәстүрге сәйкес «Қала күні» мерекесіақ мол болсын, халықтың несібесі артсын деген ниетпен «Қымыз-шұбат», «Қауын-қарбыз» және «Этноауыл» фестивалімен жалғасты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қыркүйек 2018 г.
1 041
0