Ертең Душанбеде өтетін ТМД мемлекет басшыларының кеңесіне қатысу үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Душанбеге ұшып келді деп хабарлайды 24.kz. Президенттер әуелі шағын құрамда кездесіп, достастық елдері арасындағы байланысты бекемдеудің жолдарын талқылайды.
Сондай-ақ ұйымның кезекті төрағасын бекітеді. Ал кеңейтілген құрамдағы отырыста тараптар 15 шақты құжатқа қол қояды деп күтілуде. Олардың арасында ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен бірігіп күресу туралы келісім мен ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану туралы халықаралық конвенция бар. Кеңес отырысынан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізбек.