PDF
26 қыркүйек 2018 г.
521
0
Мойнымызда мемлекет және қоғам қайраткері Сейілбек Шаухамановтың аманаты бар еді. «Қазақ жаңғырам десе…» деген мақаласын қолымызға тапсырып тұрып, жазылған дүниенің жай-жапсарын жан-жақты түсіндірген. Осының баспасөзде жариялану жағдайын тапсырған. Тіршіліктің қамытын киіп алып, тынбайтын тірліктің соңында жүргенімізде аздаған уақыт өткізіп алдық. Сөйтіп жүргенде, Сейілбек Шаухаманұлы келместің кемесіне мініп, қайтпас сапарға аттанып кетті. Көзі тірісінде мақаласын жариялауға көмектесе алмағанымызбен, аманатқа қиянат жүрмейді. Орындалуы керек. Сол ниетпен «Айқын» газетіне арнайы ұсынып отырмыз. Әлпеті әлемтапырақ болған қоғамның, құндылықтар атаулы құнсызданып, бәсі төмендеп тұрған тұста ойлы адамның бей-жай өмір сүруі неғайбыл. Ал ол Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ел басқару ісін қолға алып, саналы ғұмырын ұлтына арнап, халқының барақатты өмірі үшін тер төккен тұлға болса, онда жауапкершік пен міндеттің де батпандай берері бесенеден белгілі. Мақаланы редакцияға жіберер алдында тағы бір қайта қарап шықтық. Қазақтың қайраткер ұлының жанайқайы мен жанашырлығы алыстан айқайлап көрінеді. Ұлтты түзеудің, халықтық қалпымызды қайта табудың, жаппай жаңғырудың жолын көрсетіп, айтып кетіпті. «Айтарыңды айтып кет, айта алмайсың қайтып кеп» деген сөздер де біздердей кісілерге, жасы шектеулі ақсақалдарға арналса керек» депті мақаласының бір тұсында. Бәлкім, ажал періштесінің айналшықтап жүргенін сезді ме екен? Дегенмен жөні түзу, санасында саңлауы барға сәуле боп құйылар сөзін арнап кетті. Енді айтылған әңгіме қоғамның құлағына жетсе, орындалса дейсің. Ол да болар, оңалар. Тек Сейілбек Шаухамановтың ол күнді көре алмайтыны өкінішті. Оқып шығыңыз, ой түйіңіз. Біз тек аманатты орындаушы ғанамыз… Ержан БАЙТІЛЕС.
ТАҒЫЛЫМ
26 қыркүйек 2018 г.
2 321
0
Аты аңызға айналған америкалық боксшы Майк Тайсон Өзбекстан астанасы Ташкенттен үй сатып алды. Боксшы Tashkent City халықаралық іскерлік орталығындағы Gardens Residence деп аталатын жаңа тұрғын үй кешеніне инвестиция жасаған екен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қыркүйек 2018 г.
834
0
Қазақстанның павильоны Made in Kazakhstan брендімен ұсынылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қыркүйек 2018 г.
723
0
Екі ел 1,9 миллиард доллар сомасына жаңа 11 жобаны бірлесіп жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қыркүйек 2018 г.
673
0
2018 жылдың 1 қазанынан бастап азаматтардың мүлік пен жер салығы қарызын төлеу мерзімі аяқталады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қыркүйек 2018 г.
944
0
Еуразия ұлттық университеті Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, профессор Намазалы Омашев Astana Media Week қазақстандық медиа-апталығында қазақ журналистикасының қазіргі жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Cұхбат
26 қыркүйек 2018 г.
954
0
Облыстық білім басқармасының хабарлауынша Арал және Жалағаш аудандарындағы бұрын жемқорлыққа қатысы болған мектеп директорлары қызметінен босатылып, олардың тағайындалуына жол берген аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қыркүйек 2018 г.
1 189
0
— Мама, тұршы. Тұршы деймін, мама… Қарным ашты.Бояуы оңған футболкасының жағасындағы жыртықтан бұғана сүйегі ырсиған кішкентай Асқардың анасын жұлқылап отырғанына біраз болды. Кірі баттасқан көк диванның үстінде жұқа көрпешемен басын бүркеп жатқан шешесінің қыбыр етер сыңайы жоқ.
ӘДЕБИЕТ
26 қыркүйек 2018 г.
1 396
0
Елордадағы «Қазмедиа» орталығында «Astana Media Week» қазақстандық медиа-апталығы басталды. Үш күнге созылатын айтулы шараның басты тақырыбы - «DIGITAL MEDIA», деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қыркүйек 2018 г.
665
0