« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Еуразия ұлттық университеті Журналистика мәселелерін зерттеу институтының директоры, профессор Намазалы Омашев Astana Media Week қазақстандық медиа-апталығында қазақ журналистикасының қазіргі жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
- Ақпарат саласындағы қызметкерлер үшін мұндай апталық өткізу қаншалықты маңызды?
- Бұрын соңды мұндай дүниелер жиі болды деп айта алмаймыз. Ұйымдастырушылардың өздері екінші жыл қатарынан өтіп жатыр деді. Бұрын осынша журналистің басын қосатын шара өтпейтін. Кезінде Мәскеудің өзіне бүкіл республикадан жиналып баратын едік. Осындай шараларды көріп қызығатынбыз. Пайдасынан басқа зияны жоқ. Журналистер – жаңалыққа құмар халық. Әр уақытта олардың бір бірімен қатынасы, тәжірибемен алмасуы олардың жаңалықты игеруіне, жаңа бағыттарда жұмыс істеуіне әсерін тигізетіні даусыз. Қазір барлығы көрмеге стендтерін қойып, жеткен жетістіктерін көрсетіп жатыр. Бұл журналистиканың көрмесі сияқты. Журналистер көріп қана қоймай, ізденумен де, біліммен қаруландыру арқылы да жетістікке жете алады. Шығармашылық адамдарына тәжірибе алмасу әрқашан қажет нәрсе.
- Үш күнге жалғасатын жиында қандай мәселелер талқылануы тиіс?
- Бұл жерде ақпараттық технологияның жетілген түрі көрсетіліп жатыр. Біз енді қазір ақпараттық технология жөнінен аса дамыған елдердің қатарында болмасақ та, орташа дамыған елдердің қатарындамыз. Қазақ журналистикасы екі бастан шығармашылық жағын қамшылаған, сол жағын жетілдірген. Ақпараттық технологияны игерумен қатар сөзге мән беруді ойды ажарлы, жатық, шебер жеткізуді қатар игерсек қазақ журналистикасы әлемдік журналистиканың алғашқы қатарына қосылатынына күмәнім жоқ. Өйткені біздің қазақ халқы екібастан сөз өнеріне «өнер алды – қызыл тіл» деп өте мән берген. Бізге жетпейтіні –әлемдік тәжірибе, ақпараттық техникамен жарақтандыру. Осы жағы, менеджмент жетілсе, ұйымдастыру жоғары болса үлкен белес болады деп ойлаймын.
- Еліміздегі қазақ журналистикасы мен орыс журналистикасы арасында алшақтық өте зор. Қазақ журналистикасы көш ілгерілеуі үшін не істеуіміз керек?
- Осыдан біраз ілгерілеу бұрын ылғи орыс журналистикасын қазақ журналистикасына үлгі ететін. Сол кезде бір жағы біз намыстанып, бір жағы іштей өз-өзімізді қамшылайтынбыз. Бір мысал келтірейін, республикадағы ең аға газет деген «Егемен Қазақстан», сосын «Казахстанская правда» деген газет бар. Қаласақ та, қаламасақ та осы екі басылым. Бұрын «Казправда» қолдан түспейтін газет болатын. Сондай айтылған дүние ауыздан-ауызға айтылып жүретін. Бір кездерде «Социалистік Қазақстанды» «Казправданың» көшірмесі қылуды да ойлаған болатын. Қазір ЕҰУ-ға «Егемен Қазақстанды» да, «Қазправданы» да әкеліп қояды. «Казправда» үйіліп жатады, ешкім алмайды. «Егемен Қазақстан» тез таусылатын болды. Қазақ журналистикасы мен орыс журналистикасы арасындағы сіз айтқан тенденция керісінше болып бара жатыр. Орыс тілде сөйлейтін, сол тілде ақпарат тарататын арналар көп болғанымен елдік, мемлекеттік, ұлттық мәселені жазу-сызуда қазақ журналистикасы алда деп есептеймін. Бұрын ақпараттың бәрі орыс тілінде жететін болса, қазір біздің жастарымыз әлемдік ақпаратқа ағылшын тілінде шығып жатыр. Студенттер дипломдарын 50-70%-ы ағылшын тілінде қорғайды. Осы арқылы қазақ журналистикасы тезірек жетіледі деп ойлаймын.
- Әңгімеңізге рахмет!
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |