Жедел жұмыстың имиджін және жедел қызметтердің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында «Үздік жедел уәкіл» байқау-конкурсы өткізілді.Аталмыш байқауға Қызылорда облысының Ішкі істер департаментінің Криминалдық полиция басқармасы, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы, Қызылорда ҚІІБ-ы, аудандық ішкі істер бөлімдерінің және ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.
АҚПАРАТ
04 қыркүйек 2018 г.
444
0
Кәсіпкерлер палатасының заңгері Салауат Құлмахан сотта кәсіпкердің мүддесін білдіріп қатысып, нәтижесінде кәсіпкер 4 млн.949 мың теңге қаржысын үнемдеп қалды және ең бастысы мемлекеттік сатып алуда «жосықсыздықтан» құтқарылды.
Экономика
04 қыркүйек 2018 г.
876
0
Су қоймалары, көлдер мен өзендер жағалауларында мыңдаған адамдар өздерінің бос уақытын өткізеді. Шыжыған ыстықта қалай ғана суға шомылмасқа, сергімеске? Қызығушылық салдарынан кейбір адамдар жүзе алмаса да, су айдынын дұрыс білмесе де, қандай қауіп-қатерлер күтіп тұрғанын ойламастан суға лап қояды. Мәліметке сүйенсек, су айдындарындағы қайғылы жағдайлардың басым көпшілігі жаз кезеңінде болады. Сондай оқиғаның бірінің соңы да қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін еді, егер де сол жердегі азаматтардың құтқару жұмысына жан аямай атсалысуы болмаса...
ҚОҒАМ
04 қыркүйек 2018 г.
1 891
0
Конституция күніне орай Сырдария ауданы Ақжарма елді мекенінде жаңа 120 орынды спорттық сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты болды. Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, аудан әкімі Ғанибек Қазантаев қатысты.
АҚПАРАТ
04 қыркүйек 2018 г.
798
0
Жаңа оқу жылы қарсаңында Әйтеке би кентінде жаңадан салынып, пайдалануға берілген 300 орындық мектеп жұртшылықты қуанышқа бөледі. Айта кетерлігі, бұл осында орналасқан тұрғындардың көптен күткен игілігі болатын.
АҚПАРАТ
04 қыркүйек 2018 г.
792
0
Қызылордада цифрлық технологиялар басқармасы құрылды және облыс әкімінің цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңесшісі тағайындалды. Кезекті аппарат мәжілісін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев кадрлық өзгерістен бастады.
БИЛІК
04 қыркүйек 2018 г.
1 411
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен жер қойнауын пайдаланушылар қатысқан мәжіліс өтті. Аймақ басшысы мұнай компанияларының өкілдерін қыркүйектің алғашқы жексенбісінде атап өтілген кәсіби мерекемен құттықтап, саладағы бірқатар мәселелерге тоқталды. Шілде айында Қызылорда облысындағы мұнай-газ саласының дамуы туралы сұрақтар Премьер-министрдің бірінші орынбасары А.Мәминнің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланған еді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 қыркүйек 2018 г.
626
0
Жақында халықаралық Аралды құтқару қорының 25 жылдығына орай Түрікменстанда қордың құрылтайшы мемлекеттері басшыларының саммиті өтті. Саммитте қордың құрылған алғашқы күнінен бастап бүкіл Арал өңірінің күрделі әлеуметтік-экономикалық, су шаруашылығы және экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған жұмыстардың атқарылып жатқаны атап өтілді. Ұйымның белсенді жұмыс істеу нәтижесінде әлемдік қоғамдастық пен халықаралық қаржы институттары тарапынан айтарлықтай көмек көрсетіліп келеді. Бірлескен жұмыстардың арқасында бұл қор БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 қыркүйек 2018 г.
534
0
Аралдың экологиялық проблемасына әлем жұрты алаңдайды. ХХ ғасырдың 60-80 жылдары Әмудария мен Сырдария өзені бойындағы халықтың саны 2,2 есеге артып, суға қажеттілік өсті. Соның салдарынан теңізге құйылатын су мөлшері азайды. Яғни, қос өзеннің суын бел ортадан бөгеп, күріштік пен мақта алқаптарының көлемі артты. Мұндай антропогендік факторлардан теңізге 1960-1965 жылдары 44 мың текше метр су құйылса, 1974-1978 жылдары 13 мың текше метрге азайды. Тіпті, 1990 жылдары судың мөлшері екі есеге кеміді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 қыркүйек 2018 г.
674
0
Маман ретінде Кіші Арал теңізін қайта қалпына келтіру «САРАТС-2» жобасы жайлы ұсыныс-пікірлерді үнемі қадағалап жүремін. Жақында телеарнадан осы сала маманы С.Смайлов Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу мәселесіне байланысты екі нұсқа айтты. Бірінші нұсқа бойынша Кіші Арал теңізінің деңгейін Балтық теңізі системасымен 42-ші метрден 46-шы метрге жеткізу болса, екінші нұсқада теңіздегі су деңгейін 42 метрлікте ұстап қалып, Сарышығанақ бөлігін 50 метр деңгейге жеткізу қарастырылып жатқанын айтты. Бұдан бұрын да «Көкарал» бөгетінің деңгейін өсіріп, Кіші Арал теңізін біртұтас 50-ші метрге жеткізу сөз болғанын газеттерден оқып білгенбіз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 қыркүйек 2018 г.
557
0