«Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы аясында бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізілуде. Басты мақсат – жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларының мектепке дайындығы мен олардың жүзіндегі қуанышты көру. Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде 95 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен сөмкелер сыйлыққа берілді. Шараны қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов пен «Халық Банк» филиалының директоры А.Дәнкенов ашып, жылы лебіз білдірді. Игі шараға «Халық Банк» демеушілік жасады. Аталған банктің 95 жылдық мерейтойына орай барлық облыстарда «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларының мектепке баруына қолдау көрсетілуде.«СБ» ақпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 тамыз 2018 г.
633
0
Біздің қазаққа біткен бір қасиет – өнер әлеміне, жалпы ұлттық руханиятымызға араласқан перзенттерінің көбіне-көп ауыл арасынан шығатындығы. Атағы алысқа кеткен дарындыларымыздың түп дерегін дәйектеп көрсеңіз, ата тегі кәдімгі қара шаруа, малшы, балықшы, егінші, жұмысшы болып келеді. Бұның сыры кіндік қаны сорғалап тамған туған топырағының киесінен болса керек. Бас қатырып ойлана жүргендегі патша көңілімізге қазақтың ұлан-байтақ ұлы даласы анау-мынау дейтіні жоқ, тұтасымен киелі-ау дерсіз, сірә. Бұрын советтік дәуірімізде бәріміз бір елміз деп жүргенімізде байқамаппыз. Тәуелсіз елге айналғалы көп жағдайға көзіміз ашылып, қаныға түстік. Жеріміздің киесі болмаса, дербестігімізді алған күннің ертеңіне күллі әлемнің дүрлері тұс-тұстан анталап неге жетіп келді? Содан бері дербестігімізді алып, көңіл көзіміз дүн-дүниеге ашылғалы кеудемізді кеулеген осындай қынулы ой әрбір көзі ашық азаматты толғандырумен келеді. Даламыздың көл-көсір ырғын байлығы оның киесі емес деп айтуға кімнің дәті бара алады. Шет жұртты елімізге шұбыртқан жеріміздің киесі сол шығар-ау.
ҚОҒАМ
30 тамыз 2018 г.
791
0
30 тамыз - ҚР Конституция күніне орай «Жас Отан» Жастар қанаты облыстық филиалы «Welcome Jastar» акциясын өткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 тамыз 2018 г.
789
0
31 тамызда сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін Арал және Сырдария аудандары әкімдіктерінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласы, Жанқожа батыр көшесінің бойы (Реалбаза маңында) ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 тамыз 2018 г.
583
0
Сыр елінде соны серпін көрсетіп келе жатқан көгалдағы хоккей ойыны әлем назарын кезекті рет өзіне аударды. Кеше ғана облыстағы «Қайсар» құрамасының халықаралық бәсекеде топ жарғанын көрдік.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 тамыз 2018 г.
614
0
Шиелілік Тамара Ақмағамбетова – басына түскен қиын тағдырына қарамастан, өмірге деген құлшынысын жоғалтпай, он екі мүшесі сау адамдармен тең еңбек етіп, күнделікті нәпақасын тауып жүрген қайсар жан. Тіпті, оның бойындағы қабілеті, еңбексүйгіштігі мен ертеңгі күнге деген зор сенімділігі көпке үлгі боларлықтай.
ҚОҒАМ
30 тамыз 2018 г.
752
0
Бүгінде Торғай ойпатының қойнауындағы қазынаның игеріле бастағанына 30 жылдан асты. Соңғы жылдары Сыр өңіріндегі жаңа саланың ізашары болған жандар мен олардың еңбегі туралы шама-шарқымыз келгенше жазып келеміз. Сыр мұнайының бұлақ бастауында тұрған азаматтардың біразын танып-білгендіктен, енді бірталайымен қызметтес әрі қанаттас болғандықтан біздің қаламымыздан шыққан дүниелер келешектің қажетіне жарап қалар деп ойлаймыз. Өйткені бұрын-соңды мұнай кәсібімен айналыспаған өлкеде жанкештілікпен жұмыс істеген адамдардың еңбегі тақыр жерді абат баққа айналдырған бағбанның бейнетімен бірдей еді. Олар салған сара жол Сыр мұнайын бүгінгі биігіне жеткізді. Қызылорда мұнайының қалыптасқан сара жолын соқпақтан бастап сүрлеуге айналдырған адамдардың кейбірі өмірден өтіп кетті. Олар туралы білген-түйгеніммен бөлісуді, білмегенімді сұрап алып, есімдерін хатқа түсіріп қалдыруды сол азаматтардың алдындағы парызым сияқты сезінемін.
ҚОҒАМ
30 тамыз 2018 г.
637
0
Қызылорда облысы кәсіпкерлік саласының дамуы жағынан бірінші орында. Бұл туралы өңірдегі кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты, деп хабарлайды палатаның баспасөз қызметі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 тамыз 2018 г.
512
0
Дәстүрлі акция биыл да тамыз айының алғашқы күнінен, қыркүйек айының соңына дейін жалғаспақ.Қайырымдылық шарасының мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету.
ҚОҒАМ
30 тамыз 2018 г.
672
0
Облыс бойыншамектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының жаңа2018-2019 оқу жылына дайындық барысы туралы облыстық білім басқармасыныңбасшысы Майра Мелдебекова баспасөз конференциясын өткізді. Жаңа оқу жылыныңбасталуына жүйелі дайындық жұмыстары жүргізілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 тамыз 2018 г.
711
0