Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында КСРО Журналистер одағының мүшесі, қарымды қаламгер, қоғам қайраткері Мырқы Исаевтың туғанына 90 жыл толуына орай, А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Қазақтың мәрт мінез майталманы Мырқы Исаев» атты жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 маусым 2018 г.
788
0
Шиелі ауданында «Ұлттық Домбыра» күніне орай «Қасиетті, киелі – қазақтың қара домбырасы» атты шара өтті. Жиынды Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында аудандық тарихи-өлкетану музейі мен Нартай өнер мектебі ұйымдастырған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 маусым 2018 г.
552
0
Әкем туралы естелік жазайын деп қанша оқталғаныммен, басқа түскен қайғының салмағынан жүрегім кеудемнен шығып кетердей тулап сала береді. Әкем бақилық болғалы ай аунаса да, көзім көрген ақиқатқа көңіл сенер емес. «Ата-анасын ешкім арқалап жүрмейді», «өлмесе бұрынғылар қайда кетті?!» деген жұбату сөздердің адамға әл-қуат беретінін, мәнін енді түсінгендейміз. Соңғы жылдарда жабысқан дерттің қамыты мойныңа ауырлық қылғанмен, ортамызда қалқайып отырғаныңа шүкірлік ететін едік, папа... Кеселмен күресте бірде жеңіп, бірде жеңіліп жүргеніңмен, өзіңе сол баяғыдай, денсаулығың мықты кездегідей арқа сүйейтінбіз... Сенің орныңды іздеткен қырық күн бұрыннан білетін ақиқатқа – ақыреттің барына, өлімнің хақтығына көзімізді жеткізе түсті.
ТАҒЫЛЫМ
28 маусым 2018 г.
1 087
0
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын басшылыққа алып, ұлттық рухымызды мәңгі есте сақтай отырып, «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидаттарын қалыптастыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен пробация қызметінде есепте тұрған және қолайсыз отбасыларда тұратын 14-29 жас аралығындағы жастар арасында 2018 жылдың 26 маусым күні Тарихи өлкетану музейінде экскурция өткізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 маусым 2018 г.
553
0
Жазғы демалыс кезінде жыл сайын NOMADS CAMPбірегей киіз үй лагері өткізіледі. Биыл киіз үй лагеріне Қызылорда облысының 7 ауданының және Қызылорда қаласының 50 оқу озаты барды. Демалысты ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры сыйлады. Бір апта бойы балалар Астанадан 100 км қашықтықта орналасқан Ақмола облысы, Ақкөл ауданындағы бірегей киіз үйлерде белсенді демалып қайтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 маусым 2018 г.
632
0
Қызылорда қаласындағы Ә.Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейінде «Қозғалыстың жас инспекторы» атты дәстүрлі сайыс өткізілді. Жас инспекторлардың облыстық ХVІІІ слетіне аудандарда бақ сынасып, оза шапқан мектеп оқушылары қатысты.
АҚПАРАТ
28 маусым 2018 г.
546
0
«Ысқырып атқан киіктің обалы жоқ» дейді біздің халық. Түсінген адамға бабалардың биік парасатын аңғартқан сөз, «қапы кетпесін, киікке де бір мүмкіндік бұйырсын» деген пейіл. «Не істесең де ескертіп істе, обал болады» дейтін дала заңы. Ақбөкенді Алла адамның несібесі қылып жаратқанмен, қазақ кие мен обал барын ескерген.
ҚОҒАМ
28 маусым 2018 г.
1 388
0
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ішкі істер департаментіне қарасты орган қызметкерлері мен облыстық филармония әншілерінің «Екі жұлдыз» жобасы өтті. Кәсіби және әуесқой әншілерді біріктірген шараға 8 жұп қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 маусым 2018 г.
869
0
Жоғары деңгейдегі кәсіби хор ұжымдары арасындағы халықаралық байқауда М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Япурай» хор ұжымы жүлделі орын иеленді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 маусым 2018 г.
731
0
Сыр өңірін Қоқан хандығы билеп тұрған заманда өзбек елімен екі арадағы сауда-саттық жайы біршама жолға қойылғаны тарихтан мәлім. Сол замандарда Сыр бойының қазақтары Бұхар шаһарына мал айдап апаратын болған. Осындай саудагерлік сапардың бірінде Есабыз әулиенің шөбересі Шақа баласы Құдайберген де бай кісілердің малын айдасып, Бұхарға барады. Отар-отар қой бірер күнде пұл бола қала ма? Оларға қойын бір мезгіл өріске жайып алып, көбіне қораға қамап, апталап жатуға тура келген.
ТАНЫМ
28 маусым 2018 г.
819
0