Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері орыс тілі курсын толық аяқтап, 12 қызметкер ҚАЗТЕСТ жүйесінің В1 орта деңгейін анықтағаны жөнінде сертификат алды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 маусым 2018 г.
660
0
«Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалының ұйымдастыруымен өткен Іс-шараның негізгі мақсаты жастар арасында елордаға құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, жиырма жыл өмірде белгілі табыстарға қол жеткізген елорда құрдастарының бейнелері арқылы белсенді өмірлік ұстаным мен көшбасшылық қасиеттерді насихаттау.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 маусым 2018 г.
701
0
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент мамандары мемлекеттік қызмет жүйесінің 20 жылдығына және Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Алға басу - движение вперед» қайырымдылық марафонына қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 маусым 2018 г.
515
0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығы мемлекеттік қызметке арналған бірінші нормативтік құқықтық акт болды. Ал 1999 жылғы 23 шілдеде қабылданған өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жетілдіріле түсті. Мемлекеттік қызметтің қазақстандық жаңа моделі Елбасының 2011 жылғы шілдеде бекіткен тұжырымдама негізінде пайда болып, 2013 жылдан жұмыс істей бастады. Ал 2013 жылы 26 наурызда «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдағы түбегейлі жаңа өзгерістер қолданысқа енгізілді. 2012 жылдың 14 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданып, ол 2013 жылдың 26 наурызынан бастап күшіне енді. Енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің 3 санаты көзделген. Бұл – саяси мемлекеттік қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері.
АҚПАРАТ
19 маусым 2018 г.
548
0
«Men – qazaqpyn» жобасы төл өнерді төрге сүйреген таланттарды бір арнаға тоғыстыруды көздейді. Бастама аясында біздің өңірде де іріктеу кезеңі өтіп, А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде республикалық кезеңге жолдама алған үздіктер анықталды.
Мәдениет
19 маусым 2018 г.
1 580
0
Ұлы Жібек жолында көне шаһарлардың қарасы көп. Көбі зерттеуді қажет етеді, аттары сақталмаған, атаулары аңыз әңгімелерден ғана кездесіп қалады. Кейбірінің аттары тіпті белгісіз. Тек осы қалалардың шеңгел басып, қарабарақ жапқан орындары ғана бағзы заманда өмір сүрген, сарайлар мен шаһарлар тұрғызған ата-бабалар өмірін еске салады. Алайда, олар із-түссіз жоғалып кеткен жоқ. Елбасының «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары арқылы қайта жаңғыртылуда. Тарихтың өзіне айналған көне қалалардың бірі – Қышқала Сырдарияның ескі арнасының бойында орналасқан.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 маусым 2018 г.
731
0
Қызылорда қалалық ауруханасында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы А.Рахымов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімінің 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты аурухана қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Денсаулық
19 маусым 2018 г.
1 110
0
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын «Туған жер» бағдарламасының орны ерекше. Бағдарламаны қолдаған азаматтардың ұйымдастыруымен көптеген игі істер атқарылуда. Жуырда Жаңақорған ауданындағы Кейден ауылында осындай жиын өтті.
АҚПАРАТ
19 маусым 2018 г.
566
0
Мемлекеттік қызметші күніне орай аймақта жүгіруден қайырымдылық жарысы өтті. «Алға басу – Движение вперед!» атты шараға мемлекеттік қызметшілер мен қала тұрғындары қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.
АҚПАРАТ
19 маусым 2018 г.
433
0
22 маусым-5 шілде аралығында мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтау аясында облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік және ведомство қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада өтеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 маусым 2018 г.
497
0