Жеңіс күні Арал ауданында да кең ауқымда тойланды. Жиынға тыл ардагерлері және мемлекеттік органдар мен әскери бөлімдердің, құқық қорғау органдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 мамыр 2018 г.
743
0
2008 жыл. Астана қаласының тұрғыны, қазыналы Қазалының перзенті Бауыржан Ахантай салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Достар» қорын құрған болатын. Игілікті істі өзге өңірлерде тұратын басқа да жерлестер қызу құптады. Осылайша, Қазалы түлектерінен арнайы спорт командасы жасақталып, бәсі биік бәсекелерде бақтарын сынаған. Сонан бері 10 жыл өтті.
АҚПАРАТ
11 мамыр 2018 г.
506
0
Жуырда Шиелі ауданының Еңбекші ауылдық мәдениет үйінде Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана Ұлбала Алтайбаеваның 95 жылдық мерейтойына арналған «Сөнбес жұлдыз, нұрлы өмір, батыр ана» атты облыстық жазба ақындардың жыр мүшәйрасы өткізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 мамыр 2018 г.
640
0
Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында Еңбек ардагері, ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің депутаты, екі рет «Құрмет белгісі» және Ленин орденінің иегері, тракторист, күрішші-механизатор Қалипа Түлкібаеваның 100 жылдығына арналған «Мерей мәртебесі мәңгілік ана» атты достық рәуіштегі аймақтық ақындар айтысы өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 мамыр 2018 г.
610
0
Жосалы кентінде тұратын бағбан Мусағали Өскелең ағамызбен танысып әңгімелескелі «біздің жерге жеміс ағаштары шықпайды» дейтініміз құр сылтау екенін түсіндім.
АҚПАРАТ
11 мамыр 2018 г.
657
0
Қызылордада іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Business Lady Qazaqstan-2018» конкурсының өңірлік кезеңі өткізілмекші. Конкурс кәсібін жаңадан бастаған және кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған әйелдерді қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
АҚПАРАТ
11 мамыр 2018 г.
484
0
Тасбөгет қыстағындағы №11 орта мектепте ақындық қасиеті бар жас ұрпақтың өлеңдерін жинақтап, баспа жүзінен шыққан «Ақ қауырсын – ақ арман» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 мамыр 2018 г.
882
0
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп айтқан болатын. Біз әңгіме арқауына айналдырғалы отырған Қыпшақбай Қайнаров та өмірін өнегемен өрнектеген жанның бірі. Ол кісіні білетіндер «елдің ардақтысы еді», «ғұмырын спортқа арнаған ұстаз болатын» деп еске алып жатады.
РУХАНИЯТ
11 мамыр 2018 г.
521
0
Оны білетіндер көп. Қарапайым тіркестермен айтсақ, ауыл, сосын аудан одан соң облыс, яғни бүкіл Сыр бойы, айта берсек, бұл есімді ХХ ғасырда республикадағы барлық шаруашылық қауымы білетін. Оның өзгелерден ерекшелігі сол, онымен бірге болған күндер, қалай болғанда да естен кете қоймайды. Ф.М.Достоевскийдің: «Мына бір өсиетімді есте сақтаңдар: ешбір оқиғаны, ешбір қақтығыс-шиеленісті ойдан шығармаңдар. Өмірдің өзінде не бар, соны алыңдар. Өмір біздің ойдан шығаратындарымыздың бәрінен де бай. Кәдімгі күнделікті өмірдің беретінін ешқандай ой-қиял бере алмайды, өмірді құрметтеңдер», – деген сөзі осы тұста ойға оралады.
ӘДЕБИЕТ
11 мамыр 2018 г.
2 061
0
7 мамырда Мемлекет басшысы, Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысындағңы «Отар» 40-шы әскери базасындағы Отан қорғаушы күніне арналған әскери парадқа қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 мамыр 2018 г.
502
0