« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
7 мамырда Мемлекет басшысы, Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысындағңы «Отар» 40-шы әскери базасындағы Отан қорғаушы күніне арналған әскери парадқа қатысты.
Қазақстандықтар әскери парадты онлайн-трансляция арқылы тамашалады. Қызылордалықтар үшін А.Тоқмағамбетов мәдениет үйінде ұжымдық көрсетітілім ұйымдастырылды. Қазақстан Президенті ардагерлерге, сарбаздар мен офицерлерге арналған сөзінде Қарулы Күштер қауіпсіздігіміздің басты кепілі, Отанымыздың бейбіт өмірі мен егемендігіміздің берік тірегі болып саналатынын атап өтті.
– Қазақстанның әскери қызметшілері – барлық дәуірдің тарихындағы ең сұрапыл соғыста фашизмді жеңген батыр бабаларымыздың жауынгерлік ерліктері мен даңқын жалғастыратын лайықты ұрпақ. Біз олардың туған жеріміздің өркендеуі мен бейбіт өмірімізді сақтау үшін көрсеткен көзсіз батырлығы мен өшпес ерлігін әрдайым жадымызда сақтаймыз, – деді Елбасы.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы армиямызға мейлінше қолдау көрсетіліп, оның әлеуетін нығайтуға зор мән берілетінін, Қазақстан 2030 жылға қарай заманауи, мобильді әрі жоғары кәсіби армия жасақтау жөнінде мақсат қойып отырғанын жеткізді.
Аумақтық қорғаныс бригадаларының жауынгерлік туларын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне тапсыру рәсімінен кейін Арнаулы операциялар күштерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланның, Әскери-теңіз күштерінің арнаулы мақсаттағы отрядының, сондай-ақ аумақтық әскерлердің әскери қызметшілерінің шеруге қатысушы құрамдары сап түзеп өтті.
Заңсыз қарулы құрылымдардың шартты базасын жою жөніндегі тактикалық эпизодтарды орындау барысында «Точка-У» тактикалық зымыран кешені, «Град» және «Прима» дүркіндетіп отшашу зымыран жүйесі, МСТА-Б және Д-30 зеңбіректері, «Солнцепек» ауыр отшашқыш зымыран жүйесі, «Штурм-С» танкіге қарсы зымыран кешені және Ракета әскерлері мен артиллерияның басқа да қару түрлерінің мүмкіндіктері көрсетілді. Құрлық әскерлері және Әуе қорғанысы күштерінің әскерлері зымыран атып, бомба лақтырды, сондай-ақ барлық қару түрінен оқ атты. Әскери-әуе күштерінің майдандық және әскери авиациясының ұшақтары мен тікұшақтары аспанда әуе шайқасын көрсетті. «Жетісу Барысы» ұшқыштар тобы жоғары деңгейде шеберлік танытты.
Әскери парадқа 3 мыңға жуық жауынгер қатысып, 300 әскери техника мен қару-жарақ, 40 ұшу аппараты жұмылдырылды.
Соңында Мемлекет басшысы әскери техника мен қару-жарақтың заманауи үлгілерімен танысты, сондай-ақ далалық жердегі ұрыста көрсеткен шеберліктері, оқ ату сәтіндегі мергендіктері және жауынгерлік дайындықтары үшін парадқа қатысушылардың бәріне алғыс білдірді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |