Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазалы ауданында жастар саясаты жөніндегі Қызылорда облыстық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 мамыр 2018 г.
701
0
Қазақстанда бизнесті www.egov.kz арқылы жылдам әрі оңай ашуға болады. Электрондық үкімет порталында кәсіпкерлердің игілігі үшін «Банктік шот ашуды және қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тіркеу» композиттік қызметі іске қосылды. Енді жеке ісін ашқысы келетін азаматтар үш қызметті бірден ала алады: заңды тұлғаны тіркеу, банктік шот ашу және сақтандыру туралы келісім-шарт жасау. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету барысында «бір өтініш» қағидатын қолданудың үлгісі болып табылады.
АҚПАРАТ
04 мамыр 2018 г.
493
0
Тұрғындардың ұсыныс-пікірлері, өтініштері аудандық «Қоғамдық кеңес» арқылы жан-жақты талқыланып, уақытылы орындалып жатқаны белгілі. Апта ағымында аудандық «Қоғамдық кеңеске» кент тұрғындары тарапынан аяқсу мәселесіне қатысты түскен өтінішті кеңес мүшелері жан-жақты талқылап, тағы бір мәселенің шешілуіне ықпал етті. Нақтырақ айтар болсақ, «Айтбай арық» каналының сағасы тазаланып, аяқсуға қатысты мәселе шешілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 мамыр 2018 г.
649
0
Қызылорда облысының ішкі істер департаментінде ұзақ жыл жемісті еңбек еткен департамент бастығының орынбасары Шаймағамбетов Әмірбек Бердібекұлының зейнеткерлікке шығуына байланысты салтанатты шара өтті. Салтанатты рәсімге департамент басшылығы және жеке құрам қатысты. Рәсімнің алғашқы сөзін департамент бастығы полиция полковнигі Қ.Мұхитов алып, Әмірбек Бердібекұлына ішкі істер органдарында күнтізбелік есеппен 33 жыл абыройлы қызмет етіп, Отан алдындағы антына берік болып, қызметтік міндетін адал орындағаны үшін алғыс білдірді.
ТАҒЫЛЫМ
04 мамыр 2018 г.
1 955
0
Жаңақорған ауданының тұрғыны Бексейіт Сәрсенбаев ағаш отырғызып, гүл еккенді жаны сүйеді. Одан бөлек құс өсіруден де хабары бар. Кәсібін бастамас бұрын нарықты зерттеген ол қазіргі таңда құс етіне сұраныс жоғары болып тұрғанын байқайды. Бұл ойын жүзеге асыру үшін Кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалына жүгінеді. Кеңес алады. Өткен жылы «Бастау» жобасына қатысып, дәріс алады. Осылайша бизнестің қыр-сырын үйренген кәсіп иесі 2 млн теңгеге қол жеткізіп, 500-ден астам тауық, 60 күрке тауық сатып алады.
ҚОҒАМ
04 мамыр 2018 г.
939
0
Қызылорда облыстық медицина орталығында жоспардан тыс өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығудың мақсаты - Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарының кәсіби дағдыларын арттыру, жедел, коммуналдық қызметтер мен орталық қызметкерлерін және медициналық мекеме қызметкерлерімен өзара әрекеттесу.
АҚПАРАТ
04 мамыр 2018 г.
939
0
Қызылорда қаласында Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің «Студенттер сарайында» Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда!» атты жоғары, орта арнаулы, орта оку орындарының студенттері мен оқушыларына арналған акциясы өткізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
04 мамыр 2018 г.
575
0
Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті.
ДОДА
04 мамыр 2018 г.
689
0
Ресей Орталық атқару комитеті мен халық Кеңесі комиссариатының 1920 жылғы 26 тамыздағы декретімен Қырғыз (Қазақ) Автономиясы Советтік Социалистік республикасы құрылды. 4-12 қазанда Советтердің Бүкілқырғыз (Қазақ) Автономиялы республикасының құрылтай съезі болып, онда РСФСР құрамында КАССР құрылғанын бекітті. Орынбор астана болған жылдары онда Кеңестердің 4 съезі өтті. Соңғы съезд 1924 жылдың 4-10 қаңтар аралығында болып, Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеуді тездету туралы мәселе қаралды. 1925 жылы Түркістан АКСР-нің құрамында болып келген Сырдария және Жетісу облыстары, сондай-ақ Қарақалпақ автономиялық облысы Қазақ Автономиялық республикасы құрамына енді. Сөйтіп ел астанасын алыстағы Орынбор қаласынан қазақтың қалың ортасына көшіру мәселесі көтерілді. Бір жағынан Орынбор мен оған қарасты губерния халқының басым көпшілігі орыстар болатын.
Тарих
04 мамыр 2018 г.
1 313
0
Арын ардақ тұтар асыл жандардың ғұмыр соқпағына қарасаң, ұлағат тұтар өмiр шежiресiне тәнтi боласың. Өнегелi өмiрiнiң терең қырларына үңiле қалсаң, мол ғибрат аласың. Белгілі бір азаматтардың тұлғасын дүйім жұрты танып-білген, елі мен халқына қадірі артқан, табиғат сыйлаған өзіндік қырлары мен ерекшеліктерінің ұрпағы тарапынан мадақталуының өзі-ғұмырлық рухани танымға ие заңды құбылыс сияқты.
ТАҒЫЛЫМ
04 мамыр 2018 г.
636
0