« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазалы ауданында жастар саясаты жөніндегі Қызылорда облыстық кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Кеңесте мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі «Жол картасының» жүзеге асырылу барысы, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жас кәсіпкерлерді қолдау бойынша атқарылған жұмыстар, өңірдегі еңбек ресурсы балансының тиімділігі, Қазалы мен Жалағаш аудандарындағы жастар саясаты саласында іске асырылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев аудан бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы баяндады. Аудан халқының 26 пайызын (19 924 жас) жастар құрайды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында биыл жергілікті бюджеттен 12,4 млн. теңге бөлінді. Жыл басынан бері аудан жастарының қатысуымен 150-ден астам шара ұйымдастырылды.
Жыл басында жүргізілген санақ жұмыстарының нәтижесінде NEET санатына жататын жастардың саны 480-ді құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға азайған.
NEET санатына жататын жастардың азаю себебі жастар жылдан жылға кәсіпкерлік бағытқа бұрылып келеді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасымен 25 жас білімін жетілдірсе, кәсіптік оқуға 150-ден астам жұмыссыз жастарды тарту жоспарланып отыр.
Биыл жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендеді. Жыл басынан бері 79 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберілсе, оның 25 пайызы аудан жастары.
Ал «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша биыл 50 маманға тұрғын үй сатып алу және салуға 182,0 млн. теңге, 70 маманға біржолғы көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмекке 12 млн. теңге қаралды.
Биыл кәсіппен айналысуға ниет білдірушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 5 есеге дейін артып отыр. Бұған дәлел аудан орталығында алғаш рет SMILE кино кафесі ашылды. Онда аудан жастарының ұйымдастырылуымен түрлі шаралар жүзеге асырылып келеді.
Аудандағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 12 пайызын жас кәсіпкерлер құрайды (жас кәсіпкерлер саны – 471).
Өткен жылы «Бастау Бизнес» жобасы аясында 113 жас оқу курсынан өтті. Қаржыландырылған жобалардың 29,0 пайызын жастардікі құрайды. 19 жас кәсіпкер 80,0 млн. теңге несие қаражатын алып, кәсіп бастады. Ал, биылғы оқу курсына қатысушылардың 45 пайызы жастардың үлесінде.
Сонымен қатар, «Бизнес-Кеңесші» жобасы арқылы 56 жас оқу курсынан өтті. Және 3 жас кәсіпкер 2,5 млн. теңге қайтарымсыз грант иегері атанып, өз бизнестерін жүргізуде.
Аудан жастарының ұсынысына сәйкес, алда аудан орталығынан көше кинотеатрын салу және жастар көп шоғырланатын орындарға тегін Wi-Fi желісін орнату жоспарда бар.
«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 543 қазалылық жас еліміздің 17 өңірінде арнайы грант негізінде білім алып жатыр. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 200-ден астам жас, «Жас құрылысшылар» жасағына 50 жас жұмыспен қамтылмақ. Басым бөлігіне NEET санатына жататын жастар тартылатын болады.
Кеңес барысында қатысушылар Қазалы ауданындағы жас кәсіпкерлердің бастамасымен танысты.
Кеңес отырысын қорытындылаған облыс әкімі тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма берді. Оның ішінде жұмыссыздық деңгейін төмендету, жастардың бос уақытын ұйымдастыру, кәсіби бағдар беру,құқық бұзушылықтың алдын алу, жастар корпусын дамыту міндеттелді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |