«Qazaqstan» телеарнасының жаңа директоры тағайындалды

«Qazaqstan» телеарнасының жаңа директоры тағайындалды

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры қызметіне Еркін Мұхамеджанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 сәуір 2018 г. 991 0

АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Егемендік алғаннан кейінгі кезеңдегі мемлекетіміздегі жаңарулар мен тың серпілістер тарихи оқиғаларға жаңа тарихи таным бағытында зерттеу мен тың деректер негізінде қайта сараптап зерттеу мүмкіндігін әперіп, Отандық тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерінің орнын толтырып, болған оқиғалар мен құбылыстарға жаңа көзқарас тұрғысынан сараптап, тарихи шындықты зерттеп, зерделеп жария етіп отыратыны ұлттық зиялылар қызметі арқылы жүзеге асатыны мәлім. Егеменді Қазақ мемлекетін құру жолында ұлттық сананың қалыптасуы мен қазақ ұлтының өткен тарихын, жекелеген тұлғалары мен тарихи үрдістерін шынайы түрде толық қарастыруды қажет етіп отыр. Қоғамда ұлттық зиялы қауым өкілдерінің, саяси қоғам қайраткерлерінің, тіпті ел ішінде танымал болған белгілі мемлекет қайраткерлері мен саясаткерлердің есімдері ХХ ғасырдың 20 жылдарының соңынан басталған кеңестік жүйенің арнайы жүргізген саяси іс-шараларының құрбаны болып кете берді. Кеңестік тарих ғылымы төңкеріске дейінгі жекелеген ұлттық тұлғалардың өмір жолдары мен азаттық жолындағы күресі мен ұлтына арнаған қоғамдық-саяси қызметтерін өмірге жанаспайтын ұғымдар тұрғысынан қарастырды, зерттеуге тыйым салды, ал зерттеле қалғандары сыңаржақ бағаланып, тарихи шындық тұрғысынан бағалауға мүмкіндік бермеді.
Тарих 04 сәуір 2018 г. 4 453 0

Жәрмеңкеге келіңіздер!

2018 жылғы 7 сәуір күні Қызылорда қаласы мен Қазалы, Қармақшы  аудандары әкімдіктерінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі төменде көрсетілген орындарда өткізіледі. Басталуы сағат 09.00.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 сәуір 2018 г. 769 0
Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау

Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. Өз жаныңызға жақын мамандықты іздеп табу да барынша күрделі жұмыс.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 сәуір 2018 г. 806 0
БАҚЫТ ҚҰСЫ немесе Қараша мен Жиенбет батырлар хақында

БАҚЫТ ҚҰСЫ немесе Қараша мен Жиенбет батырлар хақында

Ел-халық өзін қорғаған, өзі үшін құрбан болған ерлерін неше мың жыл өтсе де жадынан шығармайды. Олардың хикаясы ауыздан ауызға көшіп, бабадан балаға дейін аңыз болып айтыла береді.
Тарих 04 сәуір 2018 г. 2 621 0
«ОРДАБАСЫНЫҢ» БҰРЫНҒЫ ОЙЫНШЫСЫ АЛАЯҚТЫҒЫ ҮШІН СОТТАЛДЫ

«ОРДАБАСЫНЫҢ» БҰРЫНҒЫ ОЙЫНШЫСЫ АЛАЯҚТЫҒЫ ҮШІН СОТТАЛДЫ

 Шымкентте алаяқтыққа қатысты айыпталған "Ордабасы" футбол командасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Эльдар Бақтығалиевтің соты аяқталды деп хабарлайды NUR.KZ.
ҚОҒАМ 04 сәуір 2018 г. 714 0
ӘДЕП ӘДЕТКЕ АЙНАЛСА...

ӘДЕП ӘДЕТКЕ АЙНАЛСА...

 «Әдепті әдетке айналдыру». Бұл – мемлекеттік қызметші ұстануы тиіс басты қағида. Ұлт Жоспарының 12 қадамына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары белгіленген Әдеп кодексінде «Мен мемлекеттік қызметшімін» деген кез келген жанның әрекеті, тәртібі мінсіз болу қажеттілігі айтылған. Бүгінде аталған кодекс аясында халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшінің әдепсіз әрекетінің алдын алуға бағытталған бірқатар шара жүзеге асуда. Осыған орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байхожаевпен аймақта бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімелескен едік.
Cұхбат 04 сәуір 2018 г. 2 300 0
КҮЛКІ ЖЕҢІЛДЕДІ, ОЙ АРЗАНДАДЫ

КҮЛКІ ЖЕҢІЛДЕДІ, ОЙ АРЗАНДАДЫ

«Бүгінде теледидар бетін арзан әзілдер жаулап алды.» Бұл – қоғамдық пікір.Шынында солай, қазір КВН деген күлкіпаздардың қойылымдарынан көз сүрінеді. «Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір» дегендей, шынымен күлдіріп жатса, мейлі. Күлдіру қайда, күйдіреді ғой, күйдіреді.
ЖАРНАМА 04 сәуір 2018 г. 1 616 0

КӘСІБИ БІЛІМНІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

Аймағымызда аграрлық саланың орны айрықша. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласына қажетті мамандарға қашанда сұраныс жоғары. Бұл тұрғыда  И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің сапалы мамандар даярлауда өзіндік қалыптасқан тәжірибесі бар. Айталық, бүгінгі таңда колледждің күндізгі және сырттай бөлімдерінде 2044 студент, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 114, жергілікті бюджет есебінен 1116, ал келісім-шарт негізінде 814 студент оқиды. Жалпы колледжде 37 мамандық бойынша білім алуға мемлекеттік лицензия берілген болса, қазіргі таңда 26 мамандық бойынша орта буынды мамандар даярлануда. Ал оқу орнында дәріс беретін оқытушылардың 60 проценті жоғары және 1ші санатты педагогтар.
Білім 04 сәуір 2018 г. 1 367 0
ЖЕҢІСБЕКТІҢ ЖЕҢІСІ

ЖЕҢІСБЕКТІҢ ЖЕҢІСІ

Ер намысымен қатар ел намысы сынға түсетін байрақты бәсекелерде  спортшылардың бойындағы жауапкершілік салмағы да арта түсетіні анық.  Сондықтан олар тек жеңісте ғана емес, жеңілісте де шыңдала түседі. Осындай өршіл намысты спортшылар қатарында дзюдодан Қазақстанның  5 дүркін чемпионы, жастар арасындағы  Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының  спорт шебері, жалағаштық  жас өрен Жақсыбек Жеңісбектің есімі ерекше аталып жүр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 сәуір 2018 г. 816 0