ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ОҢТАЙЛЫ ТӘСІЛІ

Ел арасында даудың бетін дау қайтарады деп, дауласқандардың бірін-бірі сотқа апаруы жиіледі. Бірақ, одан дау басылмайды, жағдай ушығып көбіне ыза-кекке айналады. Мәселені сотқа жеткізбей, шешімін табуға елімізде мүмкіндік қарастырылған.Елбасы Судьялар одағының V съезінде сот арқылы шешілетін даулы істердің қатарын қысқартуды тапсырды. Осыдан кейін, елімізде «Медиация туралы» заң қабылданып, бірқатар заңға өзгеріс енгізілді. Мәселен, Азаматтық істер жүргізу кодексінің (АІЖК) 192-бабы бойынша істі қараудың алдында төрағалық етуші мынандай мәселелерді анықтап алу тиіс: талап қоюшы өз талабын қолдайтын-қолдамайтынын, жауапкер талапкердің талаптарын мойындап-мойындамайтынын, екі тараптың істі бітімгершілік келісіммен аяқтауды, істі аралық сотқа қарауға беруді не дауды медиация тәртібімен шешуді қалайтын-қаламайтынын анықтауы тиіс.
АҚПАРАТ 29 сәуір 2018 г. 556 0

ҒАСЫРМЕН ТІЛДЕСКЕН, ЗАМАНМЕН ҮНДЕСКЕН КОЛЛЕДЖ

Жастарды кәсіби мамандық  алуға даярлау уақыт талабы екені белгілі. Бұл тұрғыда теңізді ауданда көңіл қуантар істер баршылық. Солардың алдыңғы легінде Арал индустриалды-техникалық колледжінің ұжымы тұр десек, артық айтқандық болмас.Елбасы тапсырмасымен жастардың кәсіби мамандық алуы үшін «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жобасы қабылданғаны белгілі. Осы мақсатта әлеуметтік әріптес кәсіпорындардың берері мол. Жобаға қатысушылар колледждің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, өндірістік оқуды ұйымдастыруға, түлектерді жұмыс орнымен қамтамасыз етуге қатысатын болады.
Білім 29 сәуір 2018 г. 816 0

Сыр елінен шыққан тұңғыш генералды еске алуға арналған шара

Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің үлкен мәжіліс залында ішкі істер органдарының зейнеткері, милиция генерал-майоры  Демесінов Есен Демесінұлын еске алу құрметіне арналған жиын болып өтті. Ішкі істер департаменті бастығы полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтың және ардагерлер кеңесінің бастамашы болуымен ұйымдастырылған шараға ішкі істер министрлігі өкілдері, қоғам қайраткерлері, Сыр елінің ардагерлері және ішкі істер органдарынан құрметті зейнеткерлікке шыққан ардагерлер қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2018 г. 544 0

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ БАЙЫРҒЫ ТҮРКІЛІК РУХАНИЯТ

Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Түркі жазбалары күніне арналған «Рухани жаңғыру және байырғы түркілік руханият» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен ғалымдар, түркітану саласының мамандары және жергілікті жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2018 г. 633 0
Тату елдің  табысы көп

Тату елдің табысы көп

Бейбітшілік және келісім са­райында Елбасының төрағалығымен  Қазақстан хал­қы Ассамблеясының XXVI сессиясы өтті. Онда ширек ғасыр ішінде жеткен жетістіктеріміз бен Ұлы Дала елінің ұлт болып ұйыса түсуіне, бірлігімізді бекемдеуге сеп болар ұсыныстар айтылды. Сессияға «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» тақырыбы арқау болды. Қазақстанның осы күнге дейін жеткен жетістіктерінің негізгі кілті – халық бірлігінің нәтижесі. Бұл орайда тұтастықтың құтты шаңырағына айналған Ассамблеяның орны ерек. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2018 г. 519 0
PDF 29 сәуір 2018 г. 575 0
«Бірыңғай қабылдау күні»

«Бірыңғай қабылдау күні»

«Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалында 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне орай «Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2018 г. 685 0
Министр Әбілқасымова ана мен балаға бөлінетін қаржының қысқаруын түсіндірді

Министр Әбілқасымова ана мен балаға бөлінетін қаржының қысқаруын түсіндірді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова бір жасқа дейінгі балаларға төленетін қаржының бюджетте неліктен қысқарғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚОҒАМ 28 сәуір 2018 г. 824 0
Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде өткен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында 6 мәселе қаралды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2018 г. 1 044 0
"Болашағыңды бүгіннен баста"  атты тренинг өтті

"Болашағыңды бүгіннен баста" атты тренинг өтті

Бүгін Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық «Жасыл ел» штабында тұрмыстық қатты қалдықтардың жеке түрлерін бөлек жинау, халық арасында түсіндіру бойынша «Болашағыңды бүгінннен баста»  тақырыбында тренинг өткізілді. Шараға «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының  сарбаздары мен ерікті жастары қатысты. Тренингті «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу» басқармасының бөлім басшысы Болат Берікұлы жүргізді. Қатысушы жастар өздерінің ойлары мен сауалдарын жеткізіп, қызықтырған сұрақтарға жауап алып, еркін пікір алмасты. Тұрмыстық қатты қалдықтардың қайта өңдеу жұмыстарының жүргізілу процестері туралы ақпарат алып, қоршаған ортаға тұрмыстық қатты қалдықтардың қаншалықты зиян екенін білді. Жалпы іс-шараға 30-ға жуық ерікті жастар қатысып, сертификаттар табысталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2018 г. 795 0