БЕЙРЕСМИ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ  ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

БЕЙРЕСМИ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы Сырдария ауданында жүйелі жүргізілуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 сәуір 2018 г. 682 0

ҚАТҚАҚ ЖОЛДЫ ЖҮРІП ӨТКЕН ҚАТЫШ

Түн. Айнала жым-жырт. Құдды бір мылқау тыныштық орнаған дерсің. Сол түн тыныштығында әсем ән әуелетіп қаршадай Қатыш келеді. Астында талай бәйгеде топ жарған қара жорға. Оның аудан орталығына баратынын білген әкесі сәйгүлігін қызына арнайылап дайындаған болатын. Кенет ауылға өтер тұстағы көпірге жақындағанда жорға осқырынып қоя берді. Он бес жасар Қатыш болса, атын қамшылаған бойы аққан жұлдыздай заулап өте шықты. Артынан қуып жете алмайды-ау деген сенімге келгеннен кейін қыз есін жиып, жан-жағын бағдарлай бастайды. Сонадайдан  қолдарына қару асынған екі адамның сұлбасын көреді.
ТАҒЫЛЫМ 26 сәуір 2018 г. 799 0

ТАЛОН ТАРҚАТҚАН ТАРИХ

Әр Жеңіс күні жақындағанда сол бір оқиғаның еске түсетіні бар. Соғыс кезінде тылдағылар ішіп-жемін айырған талоннан тарайтын сол тарих Жамал апаның баяғының жетегінде кеткен балалығы мен жастығын көз алдына қатар әкеледі. Сөйтеді де, кеудесін бір сағыныш кернейді. Балалары да бұл сырын біліп алған. Әшейінде  өзінің қас-қабағын бағып жүретін айналайындар Жеңіс күні жақындағанда тіпті өбектегіш болып кетеді. Сұрапыл соғыста жеңімпаз атанған жұрттың адамдығы мен адалдығы жайлы естелігін ұйып тыңдайды.Туып-өскен мекені Қаратерең Сыр­дарияның Арал теңізіне құярлығына жақын ауыл еді. Қаратерең аталуына қарағанда есте жоқ ескі заманда ауыл орналасқан жер теңіздің табаны болса керек. Әйтеуір, бұлар ес білгенде айналасын бір-бірімен жалғасқан көл қоршап жататын.
ТАҒЫЛЫМ 26 сәуір 2018 г. 559 0
ҚАҺАРМАН ҚАЛАНЫҢ ҚАЙСАР РУХЫ

ҚАҺАРМАН ҚАЛАНЫҢ ҚАЙСАР РУХЫ

Республикамызда жасақталған бірнеше әскери құра­малардың ішінде 101-ші дербес ұлттық атқыштар бригадасы түгел дерлік қазақ жауынгерлерінен құралған еді. Бригада соғыстың алғашқы жылдарында саны мен сапасы басым, сол заманның озық соғыс құралдарымен жабдықталған Вермахтың Мәскеуге тікелей шабуылдаған «Орталық» тобына қарсы тұрып, қанды шайқастарға қатысты. Сол кездері Батыс майданының Ржев-Сычев бағытындағы «Ржев аңғары», «Ржев асуы», «Ржев қазаны», «Марс операциясындағы» шайқастарға қатысқан қазақтың 100-ші, 101-ші ДҰА бригадасының жауынгерлік ерліктерін көзімен көрген әскери жазушы-журналист, бірнеше тарихи кітаптардың авторы, киносценарист Константин Симонов «Бұл шайқастағы жауынгерлер, өмір үшін емес, өлім үшін шайқасты» деп жазған болатын. Батпақты да орманды бұл аймақтан тікелей Мәскеуге шығатын тас және темір жол стратегиялық маңызы бар Ржев қаласы еді. Сондықтан да немістер осы қаланы 1941 жылдың 14 қазанында басып алып, 17 ай бойы оккупациялаған болатын. Қала жастары Германияға жөнелтіліп жатты. Олардың мойнына нөмірленген жетондар байланып, тәулігіне екі рет неміс комендатурасынан тексеруден өтіп тұрған. Күдікті деп ұсталған адамдарды топтап шіркеулерге қамап, минамен жарып жіберіп отырды. Майдандар және партизан құрамаларында шайқасқан өңір тұрғындары да жаудан өшпенділікпен кек алып отырды. Тек қана Оленино ауданынан 13 Кеңестер Одағының батыры шыққан. 1943 жылдың 3 наурызында Ржев қаласы немістерден азат етілді.
Тарих 26 сәуір 2018 г. 1 147 0
ЖАҢА ОҚУЛЫҚТЫҢ ЖАСТАРҒА БЕРЕРІ МОЛ

ЖАҢА ОҚУЛЫҚТЫҢ ЖАСТАРҒА БЕРЕРІ МОЛ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы міндеттерге сәйкес «100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген туындылардың жастар үшін берері мол. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың  дінтану ғылымдарының магистрі, оқытушы Әлібек Жаппасбаев және экономика ғылымдарының  кандитаты Абай Шайнұров осы туындылардың мазмұны мен білім беру процесіндегі маңызы туралы  айтып берді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 сәуір 2018 г. 518 0
МАМАНДАР ДАЯРЛАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

МАМАНДАР ДАЯРЛАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша жуырда 18 кітап қазақ тіліне аударылып, қолданысқа ұсынылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 сәуір 2018 г. 663 0
ЫНТЫМАҚ ЫРЫСҚА КЕНЕЛТЕДІ

ЫНТЫМАҚ ЫРЫСҚА КЕНЕЛТЕДІ

28 сәуір күні Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» атты тақырып аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма алтыншы сессиясы өткізілмек. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеріп, ел ішіндегі бірлікті нығайтуды көздейтін шара қарсаңында біз де облыстық ҚХА-ның өңірде атқарып жатқан жұмыстарын саралағанды жөн көрдік.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 сәуір 2018 г. 529 0
БІЛІКТІ БАСШЫ – КЕМЕЛДІ КЕЛЕШЕК

БІЛІКТІ БАСШЫ – КЕМЕЛДІ КЕЛЕШЕК

Зерттеуші-ғалым, географ Шоқан Уәлиханов халықтың кемеліне жетіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек екенін айтады. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін дүние – білім болатын болса, қазақ елінің өзге елдермен терезесінің теңдігіне де ешкім дауласа қоймас. Себебі, қазіргі білім саласындағы жаңа бағдарламалар мен өзгерістер озық технологияларды меңгерумен қатар ұлт болашағының дамуына бағытталған.Осы орайда білім саласындағы бағыттар мен реформалардың орындалуы жөнінде №264 Т.Есетов атындағы мектеп-лицейінің директоры Ұлбосын Махановамен аз-кем пікірлескен едік.
Cұхбат 26 сәуір 2018 г. 1 174 0
ТАЛАНТТАРДЫ ТОҒЫСТЫРҒАН  «ТУҒАН ЖЕР»

ТАЛАНТТАРДЫ ТОҒЫСТЫРҒАН «ТУҒАН ЖЕР»

Сыр тумасы, белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев атындағы республикалық «Туған жер» әншілер байқауы осымен 6-шы рет ұйымдастырылып отыр. Еліміздің барлық өңірінен 18 талапкер қатысқан өнер додасы Астана қаласының – 20, Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналды. Талапты жастардың өнерін өрістетіп, шығармашылығын шыңдауды мақсат ететін конкурстың ауқымы жыл өткен сайын кеңейіп келе жатқанын да айту керек. Біз мұны өнерпаздардың белсенділігінен, ерекше ынта-жігерінен айқын аңғардық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 сәуір 2018 г. 482 0
ҚОЖАМБЕРДІ БАТЫР

ҚОЖАМБЕРДІ БАТЫР

Дерек көздері бойынша Қоңырат тайпасынан тарайтын ұрпақтардың бірі Тәңірбердінің (лақап есімі Көшенші) Сүйеліш, Мақы, Сопы, Досымқұл атты төрт баласы болыпты. Қожамберді сол төрт баланың ішіндегі Мақының немересі. Ал Тәңірберді Керей мен Жәнібек қазақ хандығын құрып, өз алдына мемлекет шаңырағын көтергенде ішінде болған тұлға және өзінің ұлдарын хан жасағына қосқан. Қариялар Мақының Қарақұдайберді, Қанымкүл есімді ұл-қызы болғанын ғана айтады.
Тарих 26 сәуір 2018 г. 2 222 0