« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы міндеттерге сәйкес «100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген туындылардың жастар үшін берері мол. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың дінтану ғылымдарының магистрі, оқытушы Әлібек Жаппасбаев және экономика ғылымдарының кандитаты Абай Шайнұров осы туындылардың мазмұны мен білім беру процесіндегі маңызы туралы айтып берді.
Бүгінде «100 жаңа оқулық» жобасы аясында 18 кітап пен оқу құралы жарыққа шықты. Оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика бағыттары бойынша аударылған.
– Бұл аудармаларға АҚШ-тың маңдайалды университеттеріндегі негізгі оқулық саналатын кітаптар таңдап алынды. Соның бірі – Энтони Кеннидің «Батыс философиясының жаңа тарихы» кітаптарының бірінші, екінші томдары. Ауқымды кітап қазақ тіліне тікелей аударылған. Бірінші томында Антика философиясына тоқталса, екіншісінде орта ғасыр пәлсапасы ғылыми тұрғыда кеңінен айтылады. Сонымен бірге «Адам деген кім?» деген сұраққа жауап іздейді. Карен Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» кітабы да қазақ тілінде жарық көріп отыр. Әрине, дінтану саласындағы оқулықтардың тапшы екендігін назарға алатын болсақ, мұны жақсы бастама деп есептеуге болады. Себебі, бұл еңбекте алғашқы дәуірде өмір сүрген адамдардың наным-сенімі туралы тың мәліметтер кеңінен келтірген. Кітаптар мазмұны жағынан құнды. Сондықтан оқулықтар біздің еліміздегі гуманитарлық білім саласындағы қазақ жастарының әлемдік ғылымнан шет қалмауына үлкен үлес қосады деп үміт артып отырмыз, – деді Әлібек Жаппасбаев.
Экономика ғылымдарының кандидаты Абай Шайнұров бұл оқулықтар қазақ тіліндегі гуманитарлық білім беру процесін дамытып қана қоймай, мемлекеттік тілдің өрісін кеңейте түсетінін жеткізді.
Қазақ тіліне аударылған оқулықтар 10 мың данамен басылып, жақын арада жоғары оқу орындары мен кітапханаларға тегін тартылады. Сонымен қатар, бағдарлама аясында жарыққа шыққан таңдаулы кітаптармен оқырмандар онлайн түрде де таныса алады. Кітаптар PDF нұсқасы «kitap.kz» және «100kitap.kz» сайттарында жарияланады. Алда енді өнер, тарих, саясаттану, мәдениеттану және құқықтану салаларына қатысты кітаптар аударылмақ.
Сара АДАЙБАЕВА,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |