Қызылорда қаласындағы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицейінің оқушылары Англияның Кембридж университетінің базасында өткен «The Intellectuals’ сhallenge» тақырыбындағы білім сайысында жақсы нәтиже көрсетті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 сәуір 2018 г.
1 212
0
Ертең, 27 сәуір күні Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрында М.Қасеновтың «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!» комедиясының премьерасы өтеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 сәуір 2018 г.
633
0
Ұлт Көшбасшысының «Келешекке кемел біліммен» деп мұғалімдерге артқан сенімін ақтай отырып, білім беруді тәрбиемен жаңаша ұштастырып, оның сапасын көтеру – мәртебесі биік, маңызы зор жалпыұлттық мүдде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 сәуір 2018 г.
678
0
Ұлы Жеңіске 73 жыл толғалы тұрса да, қанды қырғын зардабы ел жадынан кетер емес, қайта жыл өткен сайын жаңғырып, оның кейбір «ақтаңдақ» тұстары зерттеліп қайта анықтала түсуде. Бір ғана Жаңақорған ауданы Жаңарық ауылынан қаншама боздақ әскер қатарына алынып, санаулысы ғана елге оралғаны тарих беттерінен аян.
ТАҒЫЛЫМ
26 сәуір 2018 г.
783
0
Бұл әңгімені бастамас бұрын кейінгі толқын жастарға түсінікті болу үшін тарих беттеріне сәл шегініс жасасақ. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ бастаған ірі мемлекеттер Солтүстік Атлантиканың әскери одағын (НАТО) құрды. Ал, КСРО бастаған Еуропадағы социалистік елдер НАТО-ға қарсы тұратын Варшава әскери шартын жасаған еді. Сол кезден бастап «қырғиқабақ соғыс» деп аталатын текетірес басталып кеткен болатын. Варшава шартының бір мүшесі Венгрияны Венгр социалистік жұмысшы партиясы басқарды. Коммунистердің бастамасымен 1944 жылы мамырда антифашистік венгр майданы құрылды. Компартия неміс және венгр фашистеріне қарсы күреске басшылық етті.
ТАҒЫЛЫМ
26 сәуір 2018 г.
702
0
Бүгінгі кейіпкеріміз Шәмша Бисенбаев дүниеге келген 1921 жыл қоғам екіұдай болып арбасып тұрған заман еді. Осындай өліара кезде өмір есігін ашқан бала тез жетілді. Мектепті бітірмей жатып теміржол депосының жұмысшысы атанды. Елгезек бала еңбегімен ел аузына іліне бастаған тұста «Соғыс басталды!» деген суық хабар жетті. Жарты әлемді жайпап өткен соғыстың басталғанына 2 ай өткенде Шәмша майданға аттанды. Жиырмаға енді толған жастың көкейінде «жауды жайпап, ертең-ақ елге ораламын» деген сенім басым еді.
ТАҒЫЛЫМ
26 сәуір 2018 г.
669
0
Қазалы ауданы, қазіргі Мұратбаев ауылының тумасы Елембай Есіркеев 1916 жылы дүниеге келген. 1937 жылы Арал ауданының Қамыстыбас стансасында балалар үйінің тәрбиешісі болып жұмыс істеп жүрген кезінде әскерге алынды. Әскер қатарында КПСС мүшелігіне өтіп, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, елге 1940 жылы аман-есен оралды.
ТАҒЫЛЫМ
26 сәуір 2018 г.
627
0
Облыс орталығында жазасын өтеп шыққандарды қоғамға бейімдейтін орталық бар. Мұнда бұрындары істі болып, жаңа өмірге қайта оралған азаматтарға медициналық, психологиялық көмекпен қатар құқықтық кеңес беріледі. Жуырда «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы» директоры Б.Нұртазаев атқарылған жұмыстарды саралап, қорытынды жасады.
Әлеумет
26 сәуір 2018 г.
939
0
Кеше А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде облыстық ардагерлер кеңесінің «Қазақи қасиеттерімізді жаңғыртудағы облыс ардагерлер ұйымдарының міндеттері туралы» тақырыпта форум өтті. Форум жұмысына облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, мешіт имамдары мен жастар, ардагерлер қауымы қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 сәуір 2018 г.
615
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісі өтіп, онда Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттердің, ҚР Үкіметі мен облыс әкімдігі арасындағы Меморандум индикаторларының, I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алдағы міндеттер талқыланды. Осы жолғы басқосуға аудан әкімдерімен бірге ауылдық округ әкімдері де қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 сәуір 2018 г.
495
0