Сыр елі – сонау Қорқыттан басталатын өлең-жырдың алтын тінін үзбей бүгінгі ұрпаққа жеткізген аймақ. Сыр елін жыр елі атандырған өлкенің даңқы шыққан өнерпаздары. Облыс орталығында шоқтығы биік шайыр Омар Шораяқұлының 140 жылдығына арналған «Алты Алаштың шайыры...» атты жыр кеші өтті. Кеш тізгіні Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жырау Алмас Алматовта болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 сәуір 2018 г.
727
0
«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мәліметінше, 20-22 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстіктен 15-20 м/с жел, шаңды дауыл күтіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 сәуір 2018 г.
716
0
Жыл сайынғы дәстүр бойынша Қызылорда қаласындағы «Облыстық мамандандырылған жастар мен жасөспірімдер футболына арналған олимпиадалық резерв мектебі» КММ стадионында қызмет бабында қаза болған әріптестеріміз - А.Төлеубаевты, А.Әшірбековті және Қ.Төремановты еске алуға арналған өрт сөндіру-құтқару спортынан облыстық жарыс өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 сәуір 2018 г.
565
0
Жуырда Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған, кәмелетке толмаған сотталғандармен туған жері Қызылорда қаласының тарихын біліп тануымен тәрбиелік мәні бар, қайта қылмыс жасауға жол бермеу, қылмыстың алдын-алу мақсатында Қызылорда облыстық өлке-тану музейінің филиалы «Ақмешіт» музейіне экскурсия жасалды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 сәуір 2018 г.
666
0
2018 жылғы 21 сәуір күні Қызылорда қаласы мен Шиелі, Қазалы, Жалағаш аудандары әкімдіктерінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі төменде көрсетілген орындарда өткізіледі. Басталуы сағат 09.00.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 сәуір 2018 г.
750
0
– Мен саған ең құнды дүниелерді біртіндеп көрсетейін. Анау тұрған шоқкөмбішті әкелші.Үлкендердің тапсырмасын қайталап сұрай берген ыңғайсыз. Бірақ анау жаққа бара жатқаныммен, шоқкөмбішті таппауым мүмкін еді. Абырой болғанда сыртында аты жазылыпты. – Ата-бабаларымыз шаңырақтың ошағын өшірмеген. Киіз үйдің ортасына қазақ от жаққан. Сол отты сөндірмей таңға дейін сақтайтын құрал – шоқкөмбіш. Ертеде ел бір-бірінен от сұрайтын болған, − деді Күләш апай.Байқасақ, қазір шоқкөмбішті ұмыттық. Онымен бірге оттың қасиеті де естен шыға бастады. Отқа май құйып, ошағың сөнбесін дейтін елдің ұрпағы жалынды қызық көре бастады. Қандай қуаныштың алдында да жастар торттың бетіне от жағып, үрлеп сөндіреді. Мүмкін, содан ба екен, ошағы жанбай жатып сөнетін шаңырақ көбейді. Бұл жақсы істің басындағы жаман ырым. Биікте – күн, біле білсек, жер қойнауы да – от. «Бүкіл Тәңіртаудың өзі – от перзенті. Жердің ішек-қарны ақтарылып, от болып бұрқылдағанда таулар туған», − демейтін бе еді Шерхан Мұртаза.
ҚОҒАМ
19 сәуір 2018 г.
800
0
Ресейдегі Уақытша үкімет 1917 жылы 5 наурызда жергілікті жерлерде басқару жұмысымен айналысатын мекемелер құру туралы қаулы шығарып, облыс, уез, болыс және ауылдарда құлаған ескі үкіметтің орнына жаңа басқару орындарын құра бастайды. Бүкіл Ресейдегі сияқты қазақ даласында да Уақытша үкіметтің билік орындары алғашқы кезеңде азаматтық комитеттер есебінде пайда болды.
Тарих
19 сәуір 2018 г.
1 432
0
Өткен жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алғаш рет «Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсын ұйымдастырды. Биыл бұл шара өз жалғасын тауып, байқау мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдығына орай өткізілді.
АҚПАРАТ
19 сәуір 2018 г.
514
0
Соңғы жылдары Жалағаш ауданында кәсіпкерлік аясы кеңейіп келеді. Соның бірі – «Серпін» индустриалды өндіріс аймағында орналасқан «Өркен Әлем» ЖШС-ның «Арнайы киім тігу шеберханасы». Мұнда 20 адам жұмыс жасайды.
АҚПАРАТ
19 сәуір 2018 г.
631
0
Елімізде өз кәсібін дөңгелентіп отырған табысты жастар көбейіп келеді. Өйткені, ізденген жанға мүмкіндік мол. Ешқандай шектеу жоқ, керісінше ынтасы мен жігері бар жасқа қолдау көп. Бұл – қуанарлық жағдай. Осындай демеудің арқасында кәсібін көркейтіп отырған жандар біздің өңірімізде де жетерлік. Солардың бірі – студент күнінен табыстың кілтін тапқан азамат Жандос Оразмаханов. Жас кәсіпкермен тілдескен едік.
Cұхбат
19 сәуір 2018 г.
1 336
0