ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫНДАҒЫ ӨҢІР

ӨРКЕНДЕУ ЖОЛЫНДАҒЫ ӨҢІР

Ежелгі Сырдария өзенінің орта ағысына орын тепкен Шиелі ауданында кәсіпкерлік саласының дамуы қарқынды. 2018 жылдың І тоқсанында 4632 шағын кәсіпкерлік субъекті тіркелген. Оның ішін­де жеке кәсіпкер саны – 3587, шаруа қожалық саны – 507. Бизнесті қолдау мақ­сатында Шиелі кен­ті­нің шығыс аймағынан ин­дустриялық аймаққа 96 гектар жер беріліп, жарықпен, сумен, жолмен қамтамасыз етілген. Өткен жыл аудан үшін өте табысты болды. Бүгінгі күні индустриялық аймақтан 6 жобаға 62,5 гектар жер телімі табысталып отыр. Олар – «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС, «Мия Шиелі» ЖШС, «Тұлпар 2000» ЖШС, «Шиелі тас» ЖШС, «Шиелі Жолшы» ЖШС, «Бек-транс строй» ЖШС.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2018 г. 615 0
ДАМУ ДИНАМИКАСЫ САҚТАЛУДА

ДАМУ ДИНАМИКАСЫ САҚТАЛУДА

Осы жылдың бірінші тоқсан қорытындысы бойынша облыс бюджетінің түсімдер болжамы 113,7 процентке орындалған. Яғни аймақ бюджетіне 6,9 млрд теңге артығымен түскен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Жақыпбаев хабарласа, өңір экономикасындағы атқарылған жұмыстар барысын облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Сәуле Құлымбетова айтып берді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2018 г. 588 0