Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев өткен жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында аударма мәселесіне ерекше назар аударғаны баршамызға мәлім. Нәтижесінде 2017 жылы «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры құрылып, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарламалық мақаланың бір жылдығында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша жарық көрген кітаптардың тұсаукесері тек аудармашылар тобының ғана емес, барша халықтың асыға күткен шарасы еді. Ғалымдар қауымы бұл алғашқы жұмыстар нәтижесін жылы қабылдады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 сәуір 2018 г.
1 804
0
Елбасының өткен жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған барлық бастамалар зиялы қауым, ғылым, мәдениет, бизнес салалары өкілдері, еліміздің белсенді азаматтары арасында кең қолдау тапты. Қысқа мерзім ішінде таяу жылдарда атқарылатын міндеттерді жүзеге асырудың тиімді жолдары әзірленді. Отандастарымыз бағдарламаны жаһандану процестері шарттарында сананы жаңғырту арқылы өткенді білу, бүгінмен өмір сүру және болашақтың сын-тегеуріндеріне төтеп бере алу деп түсінді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
16 сәуір 2018 г.
1 511
0