Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аяулы аналарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Шараға өңірдің әр саласында табысты еңбек етіп жүрген нәзік жандылар, көпбалалы аналар, Социалистік Еңбек Ері Сәлима Жұмабекова мен осы күндері 85 жасқа толып отырған еңбек ардагері Алма Ақдәулетова қатысты. Аймақ басшысы мерекемен тұспа-тұс келген мерейтой иесін құттықтап, сый-құрмет көрсетті, облыстың Құрмет грамотасын тапсырды.
АҚПАРАТ
09 наурыз 2018 г.
559
0
Қазақта «қолы қимылдағанның, аузы қимылдайды» деген бар. Ол рас. Қазіргі таңда аудан орталығында кәсіптің көзін тауып, тындырымды тірлік етіп отырған отбасылар жетерлік. Бірі несие алып, несібесін тапса, енді бірі там-тұмдап жиған теңгесіне кәсібін бастауда. Нарықтық заманның көшіне ілігу бүгінгі күннің басты талабы. Іліккен күннің өзінде бәсекеге қабілетті болу шарты тағы бар. Жалпы белсенді әрекет ететін шағын және орта бизнес субъектілері тұрғысынан Жаңақорған өңірі ілгері келеді. Ал осы кәсіпкерліктің жас талғамайтынын жаңақорғандық қария тағы бір мәрте дәлелдеді.
АҚПАРАТ
09 наурыз 2018 г.
771
0
СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ
09 наурыз 2018 г.
889
0
Нәзік жанды қыздардың арасында ерлермен тең түсіп, олар таңдаған мамандық тізгінін еркін әрі бекем ұстай білген әскери саладағы арудың бірі – Мырзалиева Нұргүл Дүйсенбекқызы. Ол облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте қаржы қызметінің бастығы болып жұмыс жасайды.Лейтенант шенді Нұргүл Арал қаласындағы Қарақұм ауылында дүниеге келген. Мектептен соң Батыс Қазақстан облысы гуманитарлық академиясының қаржы мамандығы бойынша білім алып, 2001 жылы Орал қаласы әскери комиссариатының қаржы бөліміне қызметке қабылданады. Талапшыл, мақсатшыл Нұргүл Батыс Қазақстан облыстық әскери комиссариатында қаржы қызметі бастығының орынбасары қызметіне дейін көтеріледі.
АҚПАРАТ
08 наурыз 2018 г.
782
0
Мәдениет – жұртшылықтың қалыптасқан өмір салтына байланысты барлық адамға тән, өмір туралы көрініс беретін құндылықтар жүйесі. Демек, мәдениет пен құндылық бір-біріне алыс емес.
РУХАНИЯТ
08 наурыз 2018 г.
577
0
Мемлекеттік кірістер органы дегенде, ең алдымен, салық өндіруші орган ойға оралады. Бұл дұрыс та. Кірістер органдарының басты міндеті – мемлекеттік бюджет түсімін қамтамасыз ету, соның заңдылығын бақылау және осы бағыттағы құқықбұзушылықпен күресу. Бюджет – халық игілігінің көзі. Осы мақсатта елге қажырлы еңбегін арнап жүрген жандардың бірі – Гүлнар Болатқызы Исаева.
ҚОҒАМ
08 наурыз 2018 г.
758
0
«Ажарың ашық екен атқан таңдай, Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай. Анаңнан сені тапқан айналайын, Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай», – деп басталатын әйгілі «Гауһартас» әнін көпшілік жақсы біледі. Бұл – жазушы Дулат Исабековке көркем шығарма жазуға сеп болған, шабыттандырған, қанаттырған ән. Қазақтың алғашқы ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің көңіл түкпіріндегі сағынышын басқан, Ұлы далаға деген махаббатын еселей түскен туынды.
ӘДЕБИЕТ
08 наурыз 2018 г.
3 367
0
Қызықты оқиғаға құлақ түре жүретініміз бар. Мақалаға арқау болған кейіпкер жайында бала күнімізде де жиі еститінбіз. Жұрт бұл кісіні «Тракторшы Әлия» дейтін. Жаңақорғандық Әлия Құдайбергенова аудан халқына еңбегімен таныс.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 наурыз 2018 г.
717
0
Дәрігерлік мамандық бірнеше салаға бөлінетінін білеміз. Соның ішінде балалар дәрігері, яғни, педиатрия саласы өте күрделі екенін бәріміз мойындаймыз. Себебі, тілі шықпаған сәби қай жері ауырып тұрғанын айта алмайды, мазасызданғанын тек жылап ғана жеткізеді. Сондықтан да аналар қауымы «бала ауырғанша өзім ауырайын» деп жатады. Шақалағымыз шырылдағаннан жанымызды қоярға жер таппай, алып-ұшып дәрігерге жетеміз. Өзінің 35 жылдық еңбек жолында талай сәбидің саулығын сақтауға үлес қосып, дертіне дауа тапқан абзал жан №6 қалалық емхана дәрігері Бақыт Оразбақованың есімі аналар қауымына жақсы таныс.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 наурыз 2018 г.
1 060
0
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі барлық аудан орталықтарында әзиз әжелер мен аяулы аналарды, қыз-келіншектерді құрметтеу үрдісімен аталып өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 наурыз 2018 г.
920
0