Сәрсенбі күні Тұрмағанбет ауылында Сыр сүлейлерінің ізбасары, жырау Жаппар Тұңғышбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Жыр жампозы –Жаппар жырау» атты облыстық жыршы-жыраулар фестивалі өтті. Фестивальда Сыр бойындағы ұзандар өнегесін жалғастырып, өскелең ұрпаққа насихаттап жүрген Бидас Рүстембеков бастаған 15-ке жуық белгілі жыр жампоздары өнер көрсетті. Кеште құлақ құрышын қандырар мақам саздарымен төгілте жырлаған жыраулар бірінен бірі қалыспай, сүлейлер өнерінің өміршең екендігін тағы бір мәрте дәлелдегендей.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 наурыз 2018 г.
845
0
Міне, ұлыс мереке – әз Наурыз есік қағып тұр. Бұл көже ішіп, аяқ босатар жәй мереке емес, алдағы күнге үміт артар, әрекет арқылы берекет іздер еңбек мерекесі, бақытты өмірге қадам жасар батылдық мерекесі! Бұл ынтымақ пен туыстық, болашаққа батыл қадам жасар бастау мерекесі!
ТАҒЫЛЫМ
19 наурыз 2018 г.
1 730
0
Биылғы қыс ұзақ та қытымыр болғаны әмбеге аян. Наурыз айы орталанса да салқын ызғардың әлі де пәті қайта қойған жоқ. Десе де «таң атпаймын дегенмен, күн қоймайды» деген бар. Күн райы сәл жылт етсе маңайдан көктем лебі байқалады. Бұл - тіршілік заңы. Ұлыстың ұлы күні жақындаған сайын ел арасында мерекеге дайындық қызу жүргізілуде. Үлкен де кіші де көтеріңкі көңіл – күй жетегінде атаулы күнді ақ тілегімен қарсы алуға қарбаласып жүр. «Қарттың батасы қабыл» деген оймен Аралқұм елді мекеніне хабарласты. Неге деймісіз?. Осынау тіршілігі отыны мол жағылған қазандай қайнаған, берекелі де құтты қоныста Тәжігүл Еңсепова (құжат бойынша Ензепова) есімді абыз әже тұрады. Бір әулеттің ғана емес, тұтас ауылдың анасы атанған, бүгінгі таңда 102 жастағы Тәжігүл әже теңіз төскейіндегі ең жасы үлкен адамның бірі саналады. Өзінің осынау ғибратқа толы ғұмырының жүз екінші көктемін қарсы алып отырған әжеміз әлі тың. Аллаға шүкір, әлі күнге құлағы айтқан сөзді қалт жібермей есітіп, жанары жарық ғаламды көріп, пікірін нық түйіндеп жеткізіп, далаға өзі кіріп – шығады. Мұны білгенде кеудемді «Шегені дәл осындай рухы мықты жандардан жасаса, ешқашын майыспас еді. Неткен, асыл сүйекті адам!» деген сүйсіну сезімі биледі.
ТАҒЫЛЫМ
19 наурыз 2018 г.
1 023
0
Қызылорда қаласындағы Ж.Нұрсейітов атындағы №233 мектепте «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сыныптардағы пәндердің жүргізілуі» тақырыбында семинар өтті. Оған қаладағы білім ордаларының бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, аталған мектеп ұстаздарының ашық сабақтарын көріп, тәжірибелерімен бөлісті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
19 наурыз 2018 г.
461
0