Астанада Орталық Азия басшылары кездеседі

Астанада Орталық Азия басшылары кездеседі

Бүгін Астанада Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттерінің кездесуі өтеді. Шара барысында бірқатар келіссөздер жүргізілмек.
Саясат 15 наурыз 2018 г. 1 243 0
Меңей батыр

Меңей батыр

Ерлігі көпке мәлім болғанмен, бұл күндері есімі ұмытыла бастаған ердің бірі Меңей еді.
Тарих 15 наурыз 2018 г. 1 661 0
Қызылордалықтар электронды жолақымен  жүруі мүмкін

Қызылордалықтар электронды жолақымен жүруі мүмкін

    Болашақта қызылордалықтар қоғамдық көлікте электронды жолақымен жүруі мүмкін. Оның қыр-сырымен облыс әкімдігіндегі мәжілісте Орталық Азиядағы IBA Group компаниясының директоры Михаил Бунас таныстырды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2018 г. 698 0
Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» еңбегінде: «Латын әліпбиіне көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, XXI ғасыр­дағы ғылыми және білім беру процесінің ерек­шеліктеріне байланысты», – деп өз көзқарасын ай­қын білдірген болатын. Жақында ғана «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы да қолданысқа енгізілді. Біз жазуымызды жаңғырту арқылы ана тіліміз бен қоғамдық санамызды жаңғыртуға зор мүмкіндік алдық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2018 г. 812 0
Ұлт мұрасы ұлықталған күн

Ұлт мұрасы ұлықталған күн

  «Қауышу күнінде» халыққа қызмет көрсету орталығы тұрғындарды ерекше салтанатпен қарсы алды. Айдан – аман, жылдан есен шыққан ел Амал мерекесін көрісу рәсімінен бастады. Орталыққа құжаттарын реттеу­ге келіп, жұмысын аяқтаса, асығыс аттанатын тұрғындар бұл жолы қайтуға асықпады. Қолөнер көрмесін тамашалап, күмбірлеген күй тыңдады. «Қобыз үні» атты дәстүрлі көрмеге облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев пен қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2018 г. 1 046 0
Алақандағы әлем

Алақандағы әлем

Бұрын қалай? Бүгін қалай? Есіңізде бар шығар, бала күніңізде үйде үлкен қара түсті теледидар болатын. Жақтаушаларын ағашпен көмкерген бір алып дүние. Ол істен шықса, тұтас ауыл дамудан тысқары қалатындай көрінетін. Өйткені, теледидар ауыл бойынша бірнешеу ғана. Бар-жоғы үш каналды көрсететін сол теледидардың «пульті» - жұмсауға оңай бала. Осындай бір күндерде ойыннан шаршағаным бар, «пульт» болуға құлшынысым болмады. Ал анам маңдайымнан сипап: «Ертең мына жарықты да, теледидарды да орныңнан тапжылмастан өшіріп-қосатын дәурен туады. Асықпа!» деген еді. Ал мен ертегі тыңдағандай болдым. Рас, қазір технология дегеніңіз сайрап тұр. Тек қолыңыз жетсе болды, жаңа технология жаныңызда. 
ЖАРНАМА 15 наурыз 2018 г. 1 897 0
ЖЫЛАН ЖАЙЛАҒАН ҮЙ

ЖЫЛАН ЖАЙЛАҒАН ҮЙ

 Былтыр жазда алыс аудандардың біріне жол түсті. Барған шаруам жарты күннің ішінде шешіліп, қайтпаққа қам жасадық. Пойыз кештеу болады екен, автобустар ертерек жолға шығып кетіпті. Құдай сәтін салса, бәрі де оңай ғой. Дәл осы сәтте таныстардың бірі телефон шала қалды.
ЖАРНАМА 15 наурыз 2018 г. 3 822 0
Осыдан отыз жыл бұрын...

Осыдан отыз жыл бұрын...

1988 жылы 30 наурыз күнi Алматыдағы М.Горький атындағы демалыс паркiнде 62 жылдық үзілістен кейін Наурыз мейрамы қайта тойланды. Мерекеге жиналған жүз мыңдай адам «Наурыз тілек»,  «Наурыз бата» рәсімдерін, «Батырлар шеруін», «Алдар көсе», «Тазша бала» ертегілерінен үзінділер, «Алтыбақан», «Тең көтеру», «Жаяу жарыс», «Арқан тартыс», «Бағанаға өрмелеу» сияқты ойындарды тамашалады.  Өлгені тіріліп, өшкені жанған елдің қуанышында шек болмады. Үш жылдан соң Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, ұлттық мерекесін күнтізбеге қызылмен белгіледі. Осылайша соңғы 30 жылда Наурыз қазақпен бірге жасасып келеді. 2010 жылдың  10 мамырында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 21 наурызды «Халықаралық Наурыз күні» деп атау туралы қарар қабылдады. Сол жылдан бері елімізде Наурыз мейрамы 3 күн бойы, яғни 21-23 наурыз аралығында ресми түрде тойланады. Ал ЮНЕСКО 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді.Негізі 1921 жылы 5 наурызда Орынборда өткен  Казақстан Автономиялы Республикасы орталық атқару комитетінің төралқа мәжілісінде Құрбан айт пен Ораза айтқа 3 күн,  Наурыз мерекесіне 1 күн  демалыс беру туралы қаулы қабылданған. Арада 5 жыл өткенде, яғни 1926 жылы Наурызды тойлауға мүлде тыйым салынды. Бірақ, халық сол кездегі режим «керітартпа рәсімдер» деп таныған күн мен түннің теңелуін, көктемнің, жаңа күннің келуін мерекелеуді тоқтатқан жоқ.  «Наурыз көже» пісіруді, арықтарды тазалап, ағаш отырғызуды, ең бастысы – ренжіскен жандарды  мәмілеге келтіруді осы күні атқарған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2018 г. 885 0
Наурыз мерекесіне орай облыс көлемінде өтетін шаралар

Наурыз мерекесіне орай облыс көлемінде өтетін шаралар

 Қызылорда қаласы15 наурызНаурыз мерекесіне орай облыс­тық өлкетану мұражайы­нда ашық есік күні.Сағат 09.00-18.00.16 наурыз«Шалқар шабыт ме­рекесі – Әз Наурыз!»  атты мерекелік шара және «Наурыз – бірлік пен із­гіліктің бастауы» атты кітап көрмесі. Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, сағат 10.00.«Армысың, Әз Наурыз!» атты музейлік сабақ. Облыстық тарихи-өлкетану музейі, сағат 11.00.Білім беру ұйымдары мен балабақшаларда «Қош келдің, Наурыз!», «Ұрпақтар сабақтастығы» тақы­рыбымен мере­келік салтанатты шаралар.Барлық білім беру мекемелері, сағат 09.00-18.00.Ұлттық спорт түр­лерінен сту­дент­тер арасында сайыстар. Қала­лық мәдени және демалыс паркі, сағат 11.00.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2018 г. 1 117 0
Ізет пен ізгілік бастауы

Ізет пен ізгілік бастауы

   Кеше елімізде «Амал» мерекесі басталды. Бұл күні адамдар ерте тұрып, жасы  кішілер үлкендерге арнайы барып сәлем береді. Көрші-көлемдер  үй аралап, «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Қауышу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, дастарқан жайып, асқа шақырып, келген меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді. Ертеден келе жатқан дәстүрді көбіне Батыс өңірінің халқы ерекше тойлайды. Биыл Сыр өңірінің халқы да атап өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 наурыз 2018 г. 529 0