Астанада Орталық Азия басшылары кездеседі

Бүгін Астанада Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттерінің кездесуі өтеді. Шара барысында бірқатар келіссөздер жүргізілмек.

Кездесуде Орталық Азия өңірлерін дамыту, ынтымақтастықты нығайтуға қатысты мәселелер талқыланады деп жоспарланған.

Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов белгілі себептерге байланысты Астанаға келе алмайтын болды. Оның орнына кездесуге Мед-жлис төрағасы Акджа Нұрбердыев қатысады.

Сондай-ақ, бүгін Қазақстан мен Өзбекстан басшылары Қазақстандағы Өзбекстан жылын ресми ашады.




Дереккөз:  Baq.Kz
Саясат 15 наурыз 2018 г. 1 209 0