Міне, қыстың көбесі сөгіліп, күнгейлі көктем де келді. Адамдар жаңа үміт, жарқын күндерге сенімді. Еңбек Ері Шырынкүл Қазанбаева ғасырға таяу жасаған қайсар жан. Қилы заманның куәгері мына жарқын уақытқа шүкіршілік айтады. Ұрпақтарына ұлағатын үлестіріп, дархан даламыздай халқымыздың мұнан да керім жетістіктерге кенелеріне тілек тілеп, жастарға бата беріп отырады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 наурыз 2018 г.
799
0
Халықаралық әйелдер күні Сыр өңірінде сән-салтанатымен аталып өтті. Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында ұйымдастырылған мерекелік шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.Бүгінде әйелдер тек отбасының ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы ғана емес, қоғамдық-саяси өмірде де белсенді. Әйел – кәсіпкер, әйел – саясаткер, әйел – қайраткер деген ұғымдар санамызға сіңіп үлгерді. Қазақстандық қыз-келіншектер билік пен бизнесте де, ғылым мен мәдениетте де ерекше қабілеттерімен танылып жүр.Салтанатты шарада отбасында да, кәсіпте де табысқа кенеліп, құрметке бөленіп жүрген әйел-аналарды облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов құттықтап, олардың еңбегіне алғыс білдірді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 наурыз 2018 г.
756
0
СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ
08 наурыз 2018 г.
940
0
СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ
08 наурыз 2018 г.
751
0
PDF
08 наурыз 2018 г.
682
0