Елдің бәсекеге қабілеттігі – кез келген елдің дамуы үшін қағидатты мәселе, өйткені бұл халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқаты деңгейінің бірден-бір объективті өлшемі болып табылады. Осындай міндеттерді шешу бәсекеге қабілеттілік рейтінгінде белгілі бір дәрежені қағаз жүзінде иеленумен емес, қазақстандық қоғам өмірінің кең ауқымды бағыты бойынша әлемдік стандарттар деңгейіне қол жеткізу болып табылады. Сондықтанда Қазақстанның алдында әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену міндеті қойылып отыр.
АҚПАРАТ
21 ақпан 2018 г.
876
0
Өткен жылдың соңында «Болашақ» университетіндегі «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанынан «Руханият» ғылыми-зерттеу орталығы ашылған болатын. Орталықтың мүшелері қатарына университеттің филология және журналистика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы енді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 ақпан 2018 г.
988
0
Пхенчхан Олимпиадасында қазақстандық шорт-трекшілер ерлер арасында 500 метрлік жарыста ширек финалға шықты.
ДОДА
21 ақпан 2018 г.
958
0
Кеше, Қызылорда қаласында жауын-шашын салдарынан қалыптасқан қатқақ кезінде көлік және жаяу жүргіншілер жолдарын мұздан тазарту жұмыстарына 16 арнайы техникалар (5 трактор, 9 Камаз, 2 кіші тазалағыш техника) жұмылдырылып, 150 тоннадан астам құм мен тұз аралас қоспа себілді және 130 қызметкер жаяу жүргінші жолдарындағы мұздарды ойып, тазалау жұмыстарын жүргізген болатын.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 ақпан 2018 г.
971
0
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталатыны туралы хабарлайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 ақпан 2018 г.
757
0
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері, «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылары және Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облыстық филиалының дәрігерлерімен бірлесіп, онлайн режимінде «Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні» тақырыбында интерактивтік сабақ өткізді. Онда Қызылорда облысының 28 мектебінен 1245 оқушысы мен 102 мұғалімі сала мамандарымен тікелей байланысқа шықты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 ақпан 2018 г.
894
0
Қармақшы аудандық кітапханасында Қармақшы ауданының 90 жылдығына орай қазақ поэзиясының талантты өкілдерінің бірі ақын Алтай Үсенұлының “Өміршебер” атты кітабына тұсау кесері болып өтті.
ӘДЕБИЕТ
21 ақпан 2018 г.
1 186
0
Әбділдә Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Кітапханадағы туған күн» жобасы аясында балаларға арналған мерекелік іс-шара болып өтті. Туған күн иелері кітапхананың оқырмандары №233 Ж.Нұрсейітов атындағы орта мектептің 4«б» сынып оқушылары Құрманғали Мақсат, Тоқтаған Нұрлыбек және Ұлықбек. Шараға туған күн иелерімен бірге ата-аналары, бауырлары және достары қатысты. Балалар кітапханадағы уақыттарын өте көңілді өткізді.
АҚПАРАТ
21 ақпан 2018 г.
967
0
19 ақпанда Елбасы Жарлығымен латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы жарияланды. Осыған байланысты облыс әкімдігінің баспасөз орталығында мамандар брифинг өткізді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 ақпан 2018 г.
953
0
Қандай да бір тілдің дамығандық деңгейі үш түрлі белгіге ие болуынан көрінеді. Оның алғашқысы - өзіндік жазу жүйесінің болуы (графикалануы), екіншісі – жалпыға түсінікті әдеби нормасының болуы (стандартталуы) және үшіншісі – осы заманғы ғылыми-техникалық прогреске икемді болуы (модернизациялануы). Осы тұрғыдан келсек, қазақ тілін әлемнің дамыған тілдерінің қатарына қосу үшін осылардың бәрін ескеру қажет. Өйткені аталған белігерге тіліміз өз мәнінде жауап бере алмайды. Бұл қазақ тілінің кемшілігі немесе кінәсі емес, бұл - тіл дамытудағы кеңестік заманның зардаптары, сондай-ақ қазіргі біздің шалалығымыз. Қазіргі күні осы олқылықтардың орнын толтыру бағытында көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның бірі жазу жүйемізді қайта қарап, латыннегізді жаңа қазақ әліпбиіне көшуіміз. Бұл бағытта саяси шешім қабылданды, бүгінге дейін үш жоба ұсынылып, жер-жерде талқылаулар өтуде. Бірінші Парламентте талқылауға ұсынылған (11 қыркүйек, 2017) жобаға, Елбасы назарына ұсынылған (9 қазан, 2017) әліпбиге, сондай-ақ Қазақстан «Ғалымдар одағының» мүшелері ұсынған әліпби жобасы бойыша да өз пікірімді білдірген болатынмын, олар баспасөзде жарияланды. Енді міне, латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің тағы бір жобасына Елбасы қол қойып, талқылауға, сынақтан өткізуге беріп отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 ақпан 2018 г.
1 516
0