Коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс жасауда

Кеше, Қызылорда қаласында жауын-шашын салдарынан қалыптасқан қатқақ кезінде көлік және жаяу жүргіншілер жолдарын мұздан тазарту жұмыстарына 16 арнайы техникалар (5 трактор, 9 Камаз, 2 кіші тазалағыш техника) жұмылдырылып, 150 тоннадан астам құм мен тұз аралас қоспа себілді және 130 қызметкер жаяу жүргінші жолдарындағы мұздарды ойып, тазалау жұмыстарын жүргізген болатын.
Бүгін, түнгі сағат 3-тен бастап жауған қарды тазалау жұмыстарына «Қызылорда Тазалығы» ЖШС-і тарапынан 44 арнайы техникалар (10 арнайы құм-тұз себуге арналған КАМАЗ, 6 кіші техника, 5 трактор «Щетка», 3 УАЗ «Чистик», 2 «АМКАДОР» қар тазалағыш техика, 3 қар тиегіш КАМАЗ, 3 қар тиегіш трактор, 3 «МК-7» арнайы жабдықталған кіші техника, 7 қоқыс тасығыш техника, 1 грейдер, 1 жүк тиегіш техника) және қосалқы мердігер мекемелер тарапынан 7 дана арнайы техникалар жұмылдырылған.
Қазіргі таңға, көшедегі мұздарды еріту мақсатында 336 тонна құм мен тұз аралас қоспа себілді және 180 қызметкер жаяу жүргінші жолдарын тазалау жұмыстарымен айналысуда.
Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде, тәулік бойы жұмыс жасауда.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 ақпан 2018 г. 970 0