МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ НИЕТТІЛЕР КӨП

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ НИЕТТІЛЕР КӨП

Биыл 1676 үміткер мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру үшін тестілеуге қатысқан. Оның 660-қа жуығы оң нәтижеге қол жеткізіпті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басқарма басшысы Еркебұлан Сарымбетов мәлімдеді.
Әлеумет 07 қараша 2017 г. 899 0
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР  ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫЛУДА

ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫЛУДА

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы НұрлыбекЖолдасбаев БАҚ өкілдерімен брифинг өткізіп, жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыстарды саралады.
Әлеумет 07 қараша 2017 г. 820 0
ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Қызылорда облыстық статистика департаменті аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуының 2017 жылдың 9 айындағы қорытындысын жария етті.
Экономика 07 қараша 2017 г. 826 0
ОТАН ҚОРҒАУ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

ОТАН ҚОРҒАУ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Армияның тәртібі ауыр деседі, бірақ бұл ауыртпалық – қиыншылық бейнеті емес, ел қорғау бейнеті. Армия – біздің егеменді мемлекетіміздің берік қалқаны. Оны нық ұстап тұру – қасиетті борыш ғана емес, сондай-ақ зор мәртебе! Армия қызметі – ел Тәуелсіздігінің, Қазақстанның әр шаңырағының тыныштығы мен алаңсыздығының кепілі» деген қанатты сөзі әрбір азаматқа рух сыйлайды. Осы себепті, қазақ әскерінде қызмет атқарып, Отан алдындағы борышын орындауда ер жігіттерге аса жауапкершілік пен үлкен міндет жүктелетіні хақ.
Cұхбат 07 қараша 2017 г. 2 888 0
Бегім ана мұнарасы

Бегім ана мұнарасы

«Қазақстанның киелі жерлері» тізіміне енген Бегім ана мұнарасы – Х-ХІ ғасырлардан бері келе жатқан сәулет өнерінің туындысы. Мұнара Арал және Қазалы аудандарының ортасында орналасқан. Республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіш. Ескерткіштің кесектен жасалған дуалдары қазір күйдірілген кірпішпен айналдыра қаланған. Мұнара әр қыры 8 бұрышты құрылыс, биіктігі 10 метр. Жоғарғы бөлігінде мұнараның қырлары тарылып, күмбез тәрізді болып қалған.Бегім ана мұнарасы 2013 жылы қайта жаңғыртудан өткен. Оның басына мінәжат етушілер, оның ішінде перзент сүюден үмітті әйелдер көп барады. Жергілікті жұрт Бегім сұлуды кіршіксіз тазалықтың белгісі санайды. Оның махаббатқа адалдығы әлі күнге дейін ел аузында жүр.
Тарих 07 қараша 2017 г. 1 951 0
БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ

БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ

Облыстық білім басқармасы мен М.Мәметова атындағы Қы­зылорда гуманитарлық колледжі мемлекеттік коммунал­дық қа­зы­налық кәсіпорнының ұйым­дастыруымен колледж базасында «Латын графи­касына көшу – болашақтың жарқын бағдары» тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Шараның мақсаты – жаңа әліпбиді қоғамға насихаттап, қолданыс аясын кеңейту, ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтас­тығын қамтамасыз етуге бағытталды.
Білім 07 қараша 2017 г. 833 0
АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ  ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУІН ҚОЛДАЙДЫ

АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУІН ҚОЛДАЙДЫ

Соңғы уақытта біздің қоғамда қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мәселесі белсенді түрде талқылануда. Менің ойымша, латын қарпіне көшу – бұл уақыт талабы. Бұл әлемдік өркениетке жол ашады. XXI ғасырда латын қарпі әлемдік ғылымның, техника мен интернеттің, ақпараттық кеңістіктің тілі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қараша 2017 г. 477 0
2018 жылы зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер болады

2018 жылы зейнетақы жүйесінде қандай өзгерістер болады

Елбасының биылғы Жолдауында 2017-2018 жылдары бюджеттен төленетін зейнетақылар мөлшерін үш кезеңде арттыру тапсырмасы берілген еді. Бірінші кезеңде, яғни 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақылар мөлшері 9 пайызға, базалық зейнетақы - 7 пайызға артты. Ал, екінші кезеңде, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап ынтымақтық зейнетақы мөлшері 11 пайызға, базалық зейнетақы мөлшері - 13 пайызға көбейтілді. ҚазАқпарат тілшісі зейнетақыны арттырудың үшінші кезеңі  - 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жүргізілетін өзгерістерге шолу жасайды.
ҚОҒАМ 07 қараша 2017 г. 801 0
Азап көрген Жанар Ізбасардың арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Азап көрген Жанар Ізбасардың арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Қызылорда облыстық прокуратурасы Қызылорда қаласының тұрғыны Жанар Ізбасардың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі шағымына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қараша 2017 г. 404 0
АҚЖАЙЫҚТА ШЫРҚАЛҒАН СЫР ӘНДЕРІ

АҚЖАЙЫҚТА ШЫРҚАЛҒАН СЫР ӘНДЕРІ

Халық арасында «Сырға барып жыршымын деме!» деген сөз бар. Әсілі, бұл тәмсілдің ұғымы жыр елі атанған осы бір өлкеде өнерді өрге сүйреген талай алыптың өмір сүргенінде жатса керек. Аймақ өнерпаздары гастрольдік сапармен көршілес облыстарға шығып, мәдени байланысты жандандырып отырады. Сөзіміздің дәлелі ретінде облыстық филармония артистері Батыс Қазақстанға барып, ондағы көрермендерге Сырдың сәлемін жеткізгенін атап өтуге болады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қараша 2017 г. 468 0