
Соңғы уақытта біздің қоғамда қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру мәселесі белсенді түрде талқылануда. Менің ойымша, латын қарпіне көшу – бұл уақыт талабы. Бұл әлемдік өркениетке жол ашады. XXI ғасырда латын қарпі әлемдік ғылымның, техника мен интернеттің, ақпараттық кеңістіктің тілі.
Қазақ әліпбиінің жаңғыруы кириллицадан мүлдем бас тарту дегенді білдірмейді. Біздің елімізде үш тілде білім беру саясаты жүруде. Орыс тілі – ресми түрде қарым-қатынас тілі. Бұл тұрғыда Елбасының ұстанымы айқын. Орыс тілі әлемдік тіл ретінде, біздің елімізде мәдени-тарихи тамырын жайған тіл ретінде қазақстандық қоғамда маңызды рөлге ие бола бермек.
Қазақстан бүгінде латын қарпін қолданып отырған өзге елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшеді деуге болады. Бүгінде қазақ тілі уақыт талабына сай дамып, әлемге танымал тілге айналады. Біз қазақ тілінің латын қарпіне көшуін қолдаймыз.
Галина ЩЕРБАКОВА,
«Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы»