АКАДЕМИКТІҢ АСУЫ

АКАДЕМИКТІҢ АСУЫ

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жерлестеріміздің бір тобы жуырда ҰҒА академиктері мен мүше-корреспонденттері болып сайланған еді. Осыған орай ғылым биігіне шыққан ғалымдарымызды оқырманмен жете таныстыру мақсатында мақалалар жариялайтын боламыз. Қазіргі озық технологияға таңданыс жоқ ғой, анау Алматыдағы ағамен телефонмен тілдесіп, танысып, ортақ ойдың мәселесін лезде шешіп алдық. Байыпты кісінің дәйекті сөзі нақтылықты сүйеді екен, сөз салмақты, ой орнықты жүрді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2017 г. 672 0
ШАБЫТТАН ТУҒАН ТЕРЕҢ ОЙ

ШАБЫТТАН ТУҒАН ТЕРЕҢ ОЙ

1966 жылдың тамыз айында республикамыздың түкпір-түкпірінен бір топ жастар келіп, сол кезде КазГУ атанатын  университеттің журналистика факультетіне оқуға түстік. Бұрынғыларды қайдам, ал бұл жолы журналистикаға  түскендердің бәрі шетінен мықты, бірі бірінен өткен ағып тұрған ақын болатын. Міне, осындай асқақтаған көңілмен университеттің табалдырыған аттап, біраз күн студенттік жаңа өмірге бой үйретіп, жан-жағымызға қарасақ... біз сияқты ақындар, тіпті, бізден де әлдеқайда мықты  ақындар бұл жерде бұрыннан  толып жүр екен. Солардың бірі – бізден бір курс жоғары филология факультетінде оқитын Нұрлан Оразалин еді. Ол кезде университетте поэзия кеші, басқа да шығармашылық басқосулар жиі өткізілетін; және олардың көбі түрлі  қызу пікір таластарына, ой бөлісулерге ұласып жататын. Міне, осылардың бәрінде де студент Нұрлан Оразалин ерекше көзге түсетін. Қазір  ойлап отырсам, Нұрлан сол кезде жиырмаға да жетпеген жап-жас екен, бірақ соған қарамастан, сөзі мірдің оғындай еді, жұрт алдына шықса ештеңеден қысылмай, барынша еркін және қызуқандылықпен көсіле сөйлейтін.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2017 г. 652 0

АМАНБАЙ АХУН

Кеңес үкіметі кезеңінде құдайсыздық кеңі¬нен насихатталды. Ұлы орыс халқы¬нан өзге бұратана ұлттар мен ұлыстардың әдеп-ғұрпы, тілі, діні мен мәдениеттілігіне көлеңке түсіп, кең етек жайып кетуіне тұсау салынды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2017 г. 732 0
ТАУ БӨКТЕРІНДЕГІ ТАМАША ДЕМАЛЫС

ТАУ БӨКТЕРІНДЕГІ ТАМАША ДЕМАЛЫС

Көре білген адамға айналада әсем де көрікті жерлер жетерлік. Әрине, әр өңірдің өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері сан алуан. Дегенде жердің жұмағы саналатын тау бөктері, сылдыраған бұлағы, саф ауасы мен шыбын-шіркейсіз саялы ағаштарының қою көлеңкесі адамды ерікісіз өзіне шақырып, бара қалса, жанын жадыратары сөзсіз. Жақын достары, отбасы мүшелерімен ¬немесе қызметтестермен осындай таза ауада демалып, шаршағанды бас¬қанға не жетсін! Тың идеялар мен жұмысқа деген белсенділік осындай саяхаттардан соң арта түсетіні бар. Реті келсе, аптасына болмаса да, айына бір рет салқын самал саялы жерде қымыз ішіп, шұбаттан сіміріп, бұлақ суына түскен керемет емес пе?! Оның үстіне қасыңда жаныңа жақын достарың, сүйікті адамың болса, одан артық не іздемексің. Иә, бәрі жақсы.., бәрі жақсы болады!..
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2017 г. 846 0
«СЫР БОЙЫ» ГАЗЕТІНІҢ ЖҮЛДЕСІН САРАПҚА САЛДЫ

«СЫР БОЙЫ» ГАЗЕТІНІҢ ЖҮЛДЕСІН САРАПҚА САЛДЫ

Шиелі кентіндегі «Тастүлек» теннис клубы салауатты өмір салтын сүйетін жандардың  мекені және әртүрлі спорттық шаралар ұйымдастыратын орталық десек болады. Міне, аптаның жұмасы күні облыстық «Сыр бойы» газетінің оңтүстік аудандарындағы оқыр-мандары үстел теннисінен басылым жүлдесін сарапқа салды. Бұл бәсекеге Шиелі, Жаңақорған аудандарынан 18 ауыл спортшылары қатысты. Аталған сайысты ¬ынталы топ ұйымдастырып, оған өздері демеушілік те жасады. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 маусым 2017 г. 547 0
ЭКСПО қонақтары ерекше отшашуға куә болды

ЭКСПО қонақтары ерекше отшашуға куә болды

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне орай Елордада таңғажайып лазерлік шоу мен от шашу қойылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 маусым 2017 г. 562 0
ЕХРО-ға қандай «болашақ энергиясын» ұсынамыз

ЕХРО-ға қандай «болашақ энергиясын» ұсынамыз

Астана кешке ЭКСПО-2017 көрмесін ашуға қызу дайындалып жатыр. Халықаралық шара ертеннен бастап ашылады. Қонақтарды күтіп алатын әуежай мен темір жол вокзалынан бастап, қаладағы жолдар, ғимараттар түгел жөнделіп, жаңалары тазаланып жатыр. Қонағын құдайындай сыйлайтын халық екеніміз баршаға мәлім, ертең шетелдіктер келгенде Қазақстан туралы, қазақтар туралы теріс пікір қалыптаспау керек.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР / ТАНЫМ 09 маусым 2017 г. 814 0
Табиғатты қорғау акциялары аяқталды

Табиғатты қорғау акциялары аяқталды

Мамырдың 1 - 31 аралығында аймақта «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы өтті. Нәтижесінде облыстағы су айдындары қоқыстан тазартылды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Марат Нұрмағамбетов мәлім етті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 маусым 2017 г. 549 0

МӘМС шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы шот ашылды

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустер өздері үшін және өз қызметкерлері үшін аударымдар мен жарналарды  Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру қорына аударатын болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 маусым 2017 г. 459 0
Жерлестер көрмеге аттанды

Жерлестер көрмеге аттанды

Төрткүл дүние көз тіккен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Сыр елінен тамашалауға аттанды. Жолаушыларды Қызылорда қаласының теміржол вокзалынан етжақындары мен ұжымдастары салтанатты түрде шығарып салды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 маусым 2017 г. 424 0