Қызылорда қаласында Жылу электр орталығының мұржасы құлады, екі жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 мамыр 2017 г.
700
0
Forbes журналы әдеттегідей Forbes Five тізімін жасады. Журнал ұжымы хип-хоп орындаушыларының қаржылық қорын зерттеп, олардың қатарындағы ең ауқаттыларын анықтады. Сонымен, бірінші сатыға Шон Джон Комбс тұрақтады. "Мұндай да музыкант бар ма?” - деп таңғалуыңыз әбден мүмкін. Бұл күллі әлемге есімі жақсы таныс Пафф Дэддидің өзі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 мамыр 2017 г.
571
0
"Реал" футбол клубының көшбасшысы Криштиану Роналду әлемдегі ең көп табыс табатын футболшылардың бірі. Оның жалақы мен сыйақыдан бөлек қосымша табыс көздері де бар. Португалдық футболшымен суретке түсіп, одан қолтаңба алғысы келетін спортсүйер қауымның саны аз емес. Ондай мүмкіндік екінің біріне бұйыра бермейді. Ал ақшаң болса Роналдумен суретке түсіп, қалжыңдасуға да болады. Сонда қанша қаржы керек? Ол үшін 1 миллион 152 мың АҚШ долларың болса жеткілікті. Криштиану Роналду жоғарыда айтылған көлемдегі қаржы үшін 4,5 сағат уақытын бөле алады. Ол уақыт аралығында футболшымен суретке түсіп, 5 жейдесіне қолтаңба қойдырып алуға мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі парақшаларының бірінде ақша төлеген тұлға немесе компания үшін екі хабарлама жариялайды. Одан өзге Роналдудың суретін бір күн ішінде жарнама үшін пайдалануға рұқсат беріледі. Осыған дейін Сауд Арабиясы, Қытай мен Жапония елдерінің компаниялары 1 миллион 152 мың доллар төлеп, Роналдуды жарнамалық мақсатта кездесуге шақырған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 мамыр 2017 г.
637
0
Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов Atameken Business Channel телеарнасына берген сұхбатында айтты. Палата басшысының айтуынша, жыл басталғалы кәсіпкерлерден Палатаға 102 өтініш келіп түскен. Оның бүгінде 31-і оң шешімін тауып, кәсіпкерлер 76 млн теңгеден астам қаржысын сақтап қала алған. Ал Кәсіпкерлер палатасы құрылғаннан бері Палатаға 630 өтініш түсіпті. Оның 400-ге жуығы оң шешімін тапқан. Нәтижесінде Палата заңгерлері аймақ кәсіпкерлерінің 1 млрд.112 млн.теңгеге жуық қаржысын сақтап қала алған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 мамыр 2017 г.
526
0
14-16, 18 мамырда кей жерлерде жаңбыр, 17 мамырда жаңбыр, кей жерлерде қатты жауады. Кей жерлерде найзағай болады. 17 мамырда кей жерлерде бұршақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан 9-14, кей жерлерде 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде 15-20, кей жерлерде 23 жылыдан 12-17, кей жерлерде 9 жылыға, күндіз 28-33, кей жерлерде 25 жылыдан 23-28, кей жерлерде 31 жылыға төмендейді, 18-19 мамырда 25-30, кей жерлерде 33 жылы болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 мамыр 2017 г.
477
0
Көктем өтіп, жаз келе терімізде өзгерістер болатынын байқап жатамыз. Дақтар пайда болып, бөртуі де мүмкін. Мұндай жағдай көбіне теріге қысқы ауа райынан кейін дәрумендер жетіспеуінен болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 мамыр 2017 г.
1 146
0
Кеше ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазконтент» ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Енді компанияға Евгений Кочетов басшылық етеді, деп хабарлайды Baq.kz. Евгений Кочетов бұл қызметте Шыңғыс Шарапиевті алмастырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 мамыр 2017 г.
460
0