Қызылордада ЖЭО мұржасы құлады, құтқару жұмыстары жүргізілуде

Қызылордада ЖЭО мұржасы құлады, құтқару жұмыстары жүргізілуде Қызылорда қаласында Жылу электр орталығының мұржасы құлады, екі жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін сағат 19.00-де Қызылорда облысындағы ЖЭО-да мұржаны бұзу жұмыстарын жүргізу барысында, ол «Алтын ЛТД» ЖШС-ның екі жұмысшысының үстіне құлап кетті. Олардың бірі облыстық медицина орталығына жеткізілді, екіншісі қирандылар астында қалып отыр. Құтқару жұмыстары жалғасуда», - деп мәлімдеді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.  Оның айтуынша, жұмыстарға Қызылорда облыстық ТЖД-ның, Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының, Қызылорда облыстық ТЖД-ның өртке қарсы және апаттық-құтқару  қызметтерінің мамандары мен техникалары жұмылдырылды. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстарымен 60 адам, оннан астам техника мен екі кинологиялық есептоп айналысуда. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 мамыр 2017 г. 700 0