PDF 05 сәуір 2017 г. 676 0

ДАБЫЛДЫ ЕСКЕРТУ

Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті ҚР Энергетика министрлігі "Қазгидромет" РМК 2017 жылғы 4 сәуірдегі хатына сәйкес ағымдағы жылғы 4-7 сәуір аралығында Өзбекстан Республикасы аумағынан Сырдария өзені арқылы Шардара су қоймасына 1300-1500 м3/с су түсетіні туралы дабылды ескерте отырып, сақтық шараларын қамтамасыз етуге шақырады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 сәуір 2017 г. 620 0
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚЫЗЫЛОРДАДА БОЛДЫ

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚЫЗЫЛОРДАДА БОЛДЫ

5 сәуір күні ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған республикалық ақпараттық - насихаттық топ Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаҺандық бәсекелестікке қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында Қызылордаға келді. АНТ мүшелері Қызылорда облысының ахуалдық орталығының жұмысымен танысып,  облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен және аймақ активімен кездесті. Сонымен қатар  медициналық ақпараттық жүйені енгізудің  таныстырылымын өткізді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 сәуір 2017 г. 1 220 0
Депозит ашарда комиссия төлемейсіз

Депозит ашарда комиссия төлемейсіз

Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі енді депозит ашарда тұтынушыдан комиссияның құнын сұрамайды. 2017 жылдың 3 сәуірінен бастап тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы және келісімшарттағы ақшаны көбейту туралы келісім жасалғанда, комиссия мүлде алынбайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалы директорының орынбасары Айзат Ізтілеуова мәлімдеді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 сәуір 2017 г. 1 286 0
Теле-радиоарналардың хабар таратуы уақытша үзіледі

Теле-радиоарналардың хабар таратуы уақытша үзіледі

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2017 жылғы 5 сәуірде сағат 10.00-де  Қызылорда облысы аумағында теле-радиоарналардың хабар таратуын үзу арқылы құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығына тексеру жүргізілетіндігін хабарлайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 сәуір 2017 г. 1 059 0
ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде қазақстандықтар қалай демалады?

ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде қазақстандықтар қалай демалады?

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мухамедиұлы Facebook-тегі парақшасында  ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде өткізілетін іс-шаралар тізімін жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 сәуір 2017 г. 488 0
Ұялы байланыс операторлары ҚР бас прокурорының сынына жауап берді

Ұялы байланыс операторлары ҚР бас прокурорының сынына жауап берді

Ұялы байланыс операторлары ҚР бас прокуроры Жақып Асановтың сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 сәуір 2017 г. 484 0
АУҚЫМДЫ МІНДЕТТЕР БИІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

АУҚЫМДЫ МІНДЕТТЕР БИІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында сот жүйесі саласына да нақты міндеттер қойылып отыр. Айқындалған басым бағыттарды жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың, соның ішінде еліміздің сот жүйесі мен судьялар қауымдастығына жүктелген жауапкершілік те ауқымды. Елбасының Жолдаудағы «Сот жүйесіне сенімнің артуына қол жеткізу қажет», деген бір сөзінің астарында сот жүйесіне артылып отырған барша міндеттер мен тапсырмаларды орындаудың салмағы жатыр. Жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге асыра отырып, сот жүйесі жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігі мен баршаның заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңғырту жұмыстарын одан әрі жалғастырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың барлық мүмкіндіктерін аша түсуді көздеп отыр. Сот төрелігін жүзеге асыру барысында күнделікті неғұрлым жиі кездесетін әлеуметтік-экономикалық мәселелердің тізімі айқындалуда. 
ҚОҒАМ 05 сәуір 2017 г. 768 0
Жамағат арасында алауыздық тудыратындар заң алдында жауап береді

Жамағат арасында алауыздық тудыратындар заң алдында жауап береді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіт ішінде тәртіп сақтау туралы үндеу жариялады, деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 сәуір 2017 г. 535 0
Медициналық ұйымдардағы есепке алу құжаттары 32%-ға қысқарды

Медициналық ұйымдардағы есепке алу құжаттары 32%-ға қысқарды

Еліміздің медициналық ұйымдарында автоматтандырылған жұмыс орны болған жағдайда медициналық қызметкерлер жүктемесін әрі қарай азайту мен уақытын тиімді пайдалану мақсатында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі есепке алу құжаттарын 32%-ға қысқартты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 сәуір 2017 г. 823 0