Депозит ашарда комиссия төлемейсіз

Депозит ашарда комиссия төлемейсізҚазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі енді депозит ашарда тұтынушыдан комиссияның құнын сұрамайды. 2017 жылдың 3 сәуірінен бастап тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы және келісімшарттағы ақшаны көбейту туралы келісім жасалғанда, комиссия мүлде алынбайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалы директорының орынбасары Айзат Ізтілеуова мәлімдеді. 
Директорлар кеңесінің шешімімен тұрғын үй құрылыс жинақтары шартын жасағаны үшін және шарттық соманы арттыру үшін алынатын комиссия көлемі 0 теңге болып бекітілді. Бұл өзгертулер 2017 жылдың 3 сәуірінен бастап күшіне енеді. Естеріңізге сала кетейік, бұрын аталмыш қызметтер үшін алынатын комиссия көлемі – шарттық соманың және депозиттің арттыру сомасының 0,55%-ын құраған еді. Әрине бұл қызмет түрі тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетін азаматтар үшін қолайлы болары сөзсіз. Осы пилоттық жоба негізінде жұмыс жалғасатын болады. 
Брифинг барысында Айзат Ізтілеуова 18 наурыз бен 19 сәуір аралығында «жергілікті атқарушы органдарда кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесі бойында орналасқан №12,13 және Ә.Қашаубаев көшесі бойында орналасқан №1,2 көпқабатты 50 пәтерлік тұрғын үйлерге дауыс беру түрінде өтініштер қабылдау жүргізілуде, - деп атап өтті. 
Тұрғын үй бағасының 1 шаршы метрі 136 600 теңгеден басталады, «таза» әрленген сапада. Бағдарламаның талабы тұрғын үй бағасының 30 пайызы конкурсқа қатысу барысында салымшының депозиттік шотында болуы шарт. Несие 5 пайызбен рәсімделеді. Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтар үшін де осы шарт бекітілген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 сәуір 2017 г. 1 286 0