Биыл Қармақшы ауданы бойынша егілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының сызбасында жалпы егіс көлемі 23910 гектар, оның ішінде күріш 14205 гектарға егіледі деп белгіленді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі былтырғы деңгейден көп өзгермеген. Тек мақсары дақылының көлемі (1709 гектар) артып отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 наурыз 2017 г.
785
0
Өмір бар жерде өзгерулер бар. Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан. Оның өзі тіршілік заңы. Нарық аз ғана жылдар ішінде жан-жағымызға көп өзгерістер әкелді. Біздің қалаларымызды алайықшы. Әсіресе, орталықтары түрлі-түске боянып, қырғауыл құстай сылаңдап шыға келген жоқ па. Ал осы өзгерістердің түпнұсқасы шетелдерден келіп жатқаны түсінікті. Дәлірек айтқанда, нарыққа баяғыда көшкен елдер тіршілігіне еліктеудеміз. Бұл жерде жақсы мағынада айтқымыз келеді. Біз олардың жақсыларын алмай, бай тәжірибелерінен көп нәрсе үйренбей, ісіміз алға баспасы белгілі. Бизнеспен айналысушылардың, коммерсанттардың шет жерлерде болып келгендері «болмасаң да ұқсап бақ» дегендей, дәл сол жақтағылардай болмағанмен де соған жуықтайтын қонақ үй, кафе-бар, мейрамхана, сән салоны секілді тағы басқа сауда және қызмет көрсету орындарын ашып тастады. Жалпы қай сала болмасын ғылым, өндіріс, медицина және басқалары жылдан жылға шетелдік технологияларды кеңінен пайдалануда.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 наурыз 2017 г.
616
0