PDF 19 қараша 2016 г. 731 0
Дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды

Дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды

16-19 қараша аралығында Қызылордада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен келген 400-ден аса спортшы қатысып, 14 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды, - деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қараша 2016 г. 655 0
Ұлағатымен ұмытылмас тұлға

Ұлағатымен ұмытылмас тұлға

Еңбек  – өмірдің ұстазы. Ерен еңбектің терең сабағын алған сайын елдің әл-ауқаты артып, қуаты күшейе  береді. Ел қуаты – ертеңнің мұраты. Н.Назарбаев. Осыдан жиырма бес жыл бұрын  Қазақ жерінде    ұлттық намыстан жаралған – парасат рухы, тәуелсіздік рухы қалықтады. Әлемде үстемдік құрады деген коммунизм елесінің көбесі сөгілді, еңсесі еңкейді. Сол тарихи сәтте азаттықтың  ақ жолында қаны төгілсе де, ары төгілмеген   қазақ елі де ғасырлар бойғы алапат армандарының тұсауын кесті. «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген  қағидада тәрбие алған ұлы дала ұландары ұлттық намыстың тайбурылына мініп,  тәуелсіздігіміздің қияға ұшар қанатына айнала білді. Біздің ұлттық намысымыз жеке бастың не болмаса бір рудың мүддесі емес, ұлтымыздың ұлықтығы үшін әр адамның ұрпақтық парызы мен ата-бабамыздың алдындағы қарызы екенін тағы бір паш етті. Ұлттық намыстан туар патриоттық рухымыз кезінде тарих бетінен ысырылып қалмауымыздың қайнар көзі болды. Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі кеңістікте  Ұлы Дала өркениетін  жария  еткен  ата-бабаларымыздың негізгі қаруы,  елім дейтін  намысты  ерді қадірлеу дәстүрі жоғары болды. 
ТАҒЫЛЫМ 19 қараша 2016 г. 1 376 0