Сырбойылықтар кезектен тыс Парламент Мәжілісінің сайлауын қолдайды

Сырбойылықтар кезектен тыс Парламент Мәжілісінің сайлауын қолдайды

Елбасының жарлығын қолдап, саяси науқанға атсалысуға сырбойылықтар дайын екендіктерін білдірді. Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен облыс активінің отырысы өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қаңтар 2016 г. 830 0
Кәсіпкерлер палатасы ауданның сұранысына сай кәсіп түрлерін ашуға көмектесуде

Кәсіпкерлер палатасы ауданның сұранысына сай кәсіп түрлерін ашуға көмектесуде

80 мыңға жуық тұрғыны бар Жаңақорған ауданында уақыт өткен сайын салынып жатқан құрылыс нысандарының саны артуда. Сәйкесінше, құрылыс заттарына сұраныс көбейді. Осы ретте, Кәсіпкерлер палатасынан кеңес алған Әсем Шауенова ауданда төсеніш плиткаларын (брусчатка) шығаратын шағын цех ашуға бел буады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қаңтар 2016 г. 902 0
Қазалыда БҰҰ даму бағдарламасы аясында 5 жоба іске асты

Қазалыда БҰҰ даму бағдарламасы аясында 5 жоба іске асты

Қазалыда БҰҰ даму бағдарламасы аясында 5 жоба іске асты. Бұл туралы аудан әкімі Нажмадин Шамұратов «Жаңа технологияларды енгізу арқылы ауданның әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу» гранттық жобасы аясында өткізілген өңгелек үстелде хабарлады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қаңтар 2016 г. 882 0
БАСТЫ МАҚСАТ – ЕЛДІҢ ИГІЛІГІ

БАСТЫ МАҚСАТ – ЕЛДІҢ ИГІЛІГІ

Кеше Ақордада Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты кеңес өткізді. Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова, Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Конституциялық кеңес төрағасы И.Рогов, Бас прокурор А.Дауылбаев және басқалар қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қаңтар 2016 г. 1 028 0
САЛЫҚ – ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫНЫҢ КӨЗІ

САЛЫҚ – ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫНЫҢ КӨЗІ

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалық етуімен салық базасын кеңейтуге арналған мәжіліс өтті. Мәжілісті ашқан аймақ басшысы салық саласында өткен жылды қорытындылап, алдағы міндеттерді айқындап алу қажеттігін атап өтті. Жергілікті атқару органдарының ең негізгі міндеттері – салық базасын кеңейту, тұрақты жұмыс орындарын ашу және әлеуметтік саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз ету екенін жеткізген Қырымбек Елеуұлы салық базасын кеңейту дағдарыс кезеңінде өте маңызды және өзекті мәселе екеніне назар аударды. 2015 жылғы міндеттеме 106,6 пайызға орындалып, жергілікті бюджетке 38,7 млрд теңге түсті. Жергілікті бюджетке түскен салық әлеуметтік, жеке табыс және мүлік салығынан болып отыр. Мұнай бағасының төмендеп жатқан кезде салық базасының тұрақтылығын қамтамасыз ету оңайға соқпайды. Сондықтан салық базасының тұрақтылығын арттыру үшін қолда бар резервтерді пайдалану қажет.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қаңтар 2016 г. 1 299 0
ҮЙІҢІЗГЕ ГАЗ ТЕГІН ТАРТЫЛМАЙДЫ

ҮЙІҢІЗГЕ ГАЗ ТЕГІН ТАРТЫЛМАЙДЫ

Бүгінде Кеңес одағынан бері көмір тасып, күл шығарып келген тұрғындардың көңілі шат. Қалалар мен елді мекендерге табиғи газ жеткі­зіліп, пайдалануға берілуде. Аудандарды газдан­дырудың 2014 жылы іске қосылған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының арқа­сында қол жеткіздік. Жалпы ұзындығы 1143 шақырым болатын магистральды газ құбырының 846 шақырымы біздің облыстың аумағынан өтіп жатыр. Содан көп кешікпей, яғни былтырғы жылы облысты кешенді газдандырудың бірінші кезеңі басталып кетті. Облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ арасындағы меморандумға сәйкес, 23 миллиард теңге қаражат бөлініп, қазан айының ішінде төрт бірдей аудан – Жаңақорған, Шиелі, Қазалы және Арал аудандарының орталықтары газға қосылды. Бұдан бөлек, Байқоңыр қаласы да газдандырылды. Бұл – үлкен жетістік. 2014 жылы облысты табиғи газбен қамтамасыз ету 35 пайызды құраса, 2015 жылы өңір халқының 63 пайызы, яғни шамамен қосымша 476 мың тұрғын көгілдір отынға қол жеткізіп отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 қаңтар 2016 г. 1 307 0
PDF 21 қаңтар 2016 г. 853 0