« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
80 мыңға жуық
тұрғыны бар Жаңақорған ауданында уақыт өткен сайын салынып жатқан құрылыс
нысандарының саны артуда. Сәйкесінше, құрылыс заттарына сұраныс көбейді. Осы
ретте, Кәсіпкерлер палатасынан кеңес алған Әсем Шауенова ауданда төсеніш
плиткаларын (брусчатка) шығаратын шағын цех ашуға бел буады.
2015 жылы кәсібін ашқан Әсемге Кәсіпкерлер палатасының аудандағы филиалы көмекке келіп, бизнес жоспарын, қаржыландыруға қажетті құжаттарын әзірлеп берді және «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталық арқылы жобасын қаржыландыруға мүмкіндігі бар екендігі жөнінде кеңес берді.
Айта кету керек, жеке кәсіпкер қыс мезгілінде 5 адамды, жазда 15 адамға дейін жұмыспен қамтуда. Брюсчаткамен қамтамасыз етуге байланысты кәсіпкер аудан әкімшілігімен, аудандық шипажай басшылығымен келісім шартқа отырған. Тіпті көршілес Түркістан қаласынан да өнімді арнайы келіп алып кетеді. Бұл өнімнің сапасының жоғарылығы және бағасының да көңілге қонымды болғанымен байланысты. Кәсіп иесі алдағы уақытта осы жаңа құрылғыны қосу арқылы шаруашылығын кеңейтуді жоспарлап отыр.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |