Қызылордада 8 күнде 39 алаяқтық қылмыс тіркелген

Қызылордада 8 күнде 39 алаяқтық қылмыс тіркелген

Қызылорда облысының тәртіп сақшылары қылмыспен күресте жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, қылмыстың алдын алу шараларын жоспарлы жүргізуде. Алайда, соған қарамастан соңғы кезде облыста өзгенің меншігін алаяқтық жолмен иелену арқылы азаматтардың құқына қол сұғу деректері көбеюде. Көп жағдайда алаяқтар нарықтық экономика жағдайына бейімделіп, «жеңілдікпен ірі көлемде несие, кезектен тыс арзан бағамен мемлекеттік пәтер, жер алып беремін, тендерден ұтып беремін, жүргізуші куәлігін арзан алып беремін немесе жалақысы жоғары қызметке, жұмысқа тұрғызамын және т.б.» түрлі желеулермен тұрғындарды алдай, сенімдеріне кіре отырып,  қылмысқа барып жатады. Соның салдарынан облыс көлемінде күнделікті ішкі істер органдарында тіркелген қылмыстардың 60-70 пайызы алаяқтық қылмыстары болып келеді. Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың шілде айының 8 күнінде ғана облыс көлемінде 39 алаяқтық қылмыс тіркелуі осының айғағы бола алады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2014 г. 1 089 0
Телефонға қарызды сот өндіріп бермек

Телефонға қарызды сот өндіріп бермек

Жалағаш аудандық соты талапкер «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы – Қызылорда облыстық телекоммуникациялар дирекциясының жауапкер К.-дан көрсетілген қызмет ақысын және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық ісін қарады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2014 г. 909 0
Қазалыда кәсіпкерлікті дамытуға мән берілуде

Қазалыда кәсіпкерлікті дамытуға мән берілуде

Қазалы ауданында кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасына белсенділікпен қатысуда. Экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жұмыс орындарын құруға бағытталған бағдарлама бойынша көптеген жұмыстар жүзеге асырылып келеді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2014 г. 729 0
Жосалыда көркейтуге көңіл бөлінді

Жосалыда көркейтуге көңіл бөлінді

Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентінде көркейту-көгалдандыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылып келеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 шілде 2014 г. 1 073 0