Мемлекеттік тілдің мәртебесі әрдайым жоғары тұруы тиіс. Ал оны білу әрбір азаматтың міндетіне айналып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге атсалысқан азаматтар құрмет төрінен табылуы керек.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ
12 қараша 2013 г.
1 080
0
Баға құрылыс мекемелеріндегі шарауашылықта басты рөл ойнайды. Сондықтан олар жиі өзгеріске ұшарамауы керек. Кешегі "өтпелі кезең” деп айдар таққан қиын-қыстау жылдарда баға құрылыс өнімінің шынайы құнынан ұшып, тым шарықтап кетті. Ал, олардың табиғи өсуі инфляцияны өршітті және өндірістің тиімділігін төмендетуге әкеліп соқты. Қазір әртүрлі өнім, өндіріс және материалдар бағаларының өсуі әр тоқсан сайын индексацияны болдырады. Сонымен қатар, елдің әр аймағында индекстер өздерінің ерекше белгілеріне ие. Құрылыс мекемелерінің көбісі өндірілетін өнімге баға қою құқығын пайдаланбайды. Ол аймақтық басқару органдарымен 1991 жылы басылып шығарылған сметалық құнның қайта есептеу коэффициенті бекітілген құралмен анықталады.
ҚОҒАМ
12 қараша 2013 г.
1 297
0
Бірінші байлық – денсаулық. Осынау күнделікті естіп жүрген нақылдың астары көп сырды ұғындырады. Күйбең тіршілікпен кейде тән саулығына жүрдім-бардым қарайтынымызды да мойындауға тура келеді. Ал, сырқаттың зардабын тартқан уыздай жандарға жолықсаңыз тәубеңізге енесіз. Жаратқанға іштей шүкіршілік жасайсыз. Өмір жолында кездескен кейбір қиындықтарды да ұсақ-түйекке балайсыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / ҚОҒАМ
12 қараша 2013 г.
915
0
Тағдыр әркімге әртүрлі нығмет сыйлайды. Бірақ сол маңдайға біткенді қанағат сезіммен қарсы алып, әрбір күнді аса бір қимастықпен шығарып салған сайын ғаламат әлемнен ғажайып сыр түйіп, оны өлең өрнектерімен шабыттана жырлаған ақыннан бақытты жан бар ма? Нағыз ақынның әрқашанда көңілі көлдей арнасынан асып-тасып, аяғымен жер басып емес, қос қанатымен көкке қалықтағандай ғажайып күйдің екпінімен жалындата жыр жазып, бүкіл әлемді жұдырықтай жүрегімен аялап, алатаудай арманға асығады да тұрады.
РУХАНИЯТ
12 қараша 2013 г.
1 664
0
Өткен сенбі күні А.Тоқмағанбетов атындағы облыстық мәдениет орталығында Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, «Алаш» әдеби сыйлығының, «Дарын» сыйлығының, Президент сыйлығының иегері, талантты ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылық кеші болып өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / РУХАНИЯТ
12 қараша 2013 г.
1 160
0