ЖАНЫ ЖАЙСАҢ ЖАҚСЫ АДАМ

Ауыл ақсақалдарымен сәлемдесіп, бір жағы күндегі қым-қуыт тірлікпен ақылдаспақ болып, туған ауылым, Қызылжармаға бет түзедім. Жол бойы ой үстіндемін. Кешегі өткен ағаларды еске аламын... Қалмақ ағай, Дауылбай, Бегай, Мінайдар, Сейтжағыппар, Тұраш ағайлар. Бәрі де өмірден озып кеткен. Апырм-ай «алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер, уақытымен өлінер, баяғыдай көрінер» деген осы екен-ау... Кімге барам, ақылдасар кім бар?
ТАҒЫЛЫМ 05 қазан 2013 г. 1 835 0

МЫҢНАН ТҰЛПАР ШЫҚҚАНДАР

Көрікті білім ордасының есігінен аттағаннан-ақ көкке самғаған әсем әуен көңілімізді селт еткізді. Құлаққа жағымды естілген ән маған Қазалы аспанын баурап алғандай сезілді. Тіпті сазды дауыстың аяқталмағанын қалағандаймыз. Көкейіміздегіні дөп басқан №249 мектеп-лицейдің директоры Күлзипа Нахан жылышырайлы қарындасымызды «Бұл біздің мақтанышымыз, әуез пәнінің мұғалімі – Гүлнар Аяп» деп таныстырған еді. Қайран қалдым. Қарапайым мінезді, ибалы жанды жуырда ғана облыс басшысы тағайындаған «Талантты ұстаз» бағамына қоса, миллион теңге сыйақы алған ұстаз деп ойламаған едім.
ҚОҒАМ 05 қазан 2013 г. 1 703 0

ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛҒА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сыр бойындағы шығармашылық өкілдерінің басын қосқан Қазақстан Жазушылар одағы филиалының жұмысы біршама уақыттан бері тоқтап тұрған болатын. Құрамында 23 ақын-жазушы бар ұйым қоғамда болып жатқан барлық жаңалықтарға өз үндерін қосуға ынталы. 
АҚПАРАТ 05 қазан 2013 г. 1 115 0

«ҚАЛА КҮНІНДЕ» ҚЫЗЫҚТЫ ДА МАЗМҰНДЫ ШАРАЛАР КӨП БОЛМАҚ

Баспасөз орталығында қала әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қала күнін мерекелеуге байланысты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді.
АҚПАРАТ 05 қазан 2013 г. 1 463 0

СЫРДАН ШЫҚҚАН ЗАҢҒАР ЗАҢГЕР

Кеше облыс орталығында Қазақ КСР-ның тұңғыш дербес прокуроры Сүлеймен Есқараевтың туғанына 115 жыл толуына арналған мерекелік шара кеңінен атап өтілді.
АҚПАРАТ 05 қазан 2013 г. 1 998 0

ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ БАРЛЫҚ АУДАНДАРДА АШЫЛАДЫ

Кеше облыс әкімшілігінің мәжіліс залында Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талқылаған жиын болып өтті. Селекторлық режимде өткен мәжіліске облыс әкімі Қырымбек Көшербаев төрағалық жасады.
АҚПАРАТ 05 қазан 2013 г. 1 468 0

ОБЛЫС ӘКІМІ ТӨРАҒАНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Сәрсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма төрағасы Майкл Эгглтонды қабылдады. 
АҚПАРАТ 05 қазан 2013 г. 1 136 0

МАХАББАТ ЖАЛЫНЫМЕН ШАРПЫЛҒАН ӨЛІМ

Махаббат – адамзат баласының басқа да өмірлік қажеттіліктерінен асқақ тұратын айрықша сезім. Ол тіпті аста төк байлық, тойымсыз мансапқорлық дейтін құмарлық пен ынтызарлық атаулыдан да жоғары, жүректің нәзік, кісінің санасын бейне бір тылсым күшпен билейтін сезім. Махаббат ғасырлар бойы адамзат баласын осы тылсым күштің әмірімен билеп келеді. 
ТАНЫМ 05 қазан 2013 г. 2 375 0

МӘҢГІ ӨШПЕС ШЫРАҚ ЖАҚҚАНДАР

Дүниеге шыр етіп келген пенде баласының ішінде жалғанның жарқылына алданбай, адалдық пен адамдықтан айнымағандар санаулы-ау, сірә.. Өзі кетсе де, артында өнегелі ісі мен жолын жалғастырар ұрпағы қалған осындай жандар ғана қылаусыз құрметке ие болып, кейінгілер жадында сақталып қалады. Сан құбылған замана өкпегінің өтінде отырып, мәңгі өлмес шырақ жағып кеткен Қалыбай мен Дәмегүлді де біз осы санаулылар қатарына қостық.
ТАҒЫЛЫМ 05 қазан 2013 г. 1 924 0

ҚҰБА БИ

Құба би Өтебайұлы (1700 ж. – 1796 ж.) – би. Кіші жүз ішінде Шөмекейден шыққан. Сыр, Торғай, Ырғыз өзендері аралығын мекендеген қазақтар арасында әділ билігімен аты қалған. Құба би айтты деген аңыз әңгімелер ел ішінде көп айтылады. Құба би мен оның ағайын, замандастары Бәйтік, Тоғанас, Зарқұм батырлар жөніндегі деректер Қазан төңкерісіне дейінгі жазбаларда жиі кездеседі. Сондай-ақ, Құба би жөніндегі бірқатар деректер этнограф зерттеуші Тынышбек Дайрабайдың 1995 жылы «Ана тілі» баспасынан жарық көрген «Кете-Шөмекей шежіресі», Тұрлыбек Деменұлының «Шартарап» баспасынан 1996 жылы жарық көрген «Келте тонды Келменбет» кітаптарында келтірілген. 
ӘДЕБИЕТ 05 қазан 2013 г. 2 431 0