ДҮБІРЛІ ДҮНИЕ

Америкадағы ірі қалалар тұрғындары Сириямен соғысуға қарсы ереуілдетіп жатыр. Вашингтон, Нью-Йорк, Индианаполис, Бостон, Чикаго және Лос-Анджелес халқы «Сириядан қолыңды тарт!», «Соғыс емес, жұмыс керек!» деген ұран жазылған парақшаларды ұстап, көшеге шықты. Тіпті, олар Обамаға «Обомба» деген лақап ат қойған. Ел аумағында жүргізілген соңғы сауалнама бойынша, соғыс ашуға АҚШ халқының 51%-ы қарсы. Ал 36%-ы әскери басқыншылықты қолдаса, 13%-ы әлі нақты шешімге келмеген.  
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 202 0