МАРЖАН ДӘН МОЛШЫЛЫҒЫ

МАРЖАН ДӘН МОЛШЫЛЫҒЫ

Берекелі күз келіп, ел несібесі – егін-терінді ысырапсыз жинап алу жұмысы қарбалас іске көшкен. Сыр бойында күріш деген дақыл бар, Соны жырлап, соны айтыңдар ақындар, – деп арқалы Асқар ақын жырға қосқан сол күріш егісін Сыр аймағында ең көп егетін Сырдария ауданы. Биылғы жылы аудан бойынша 29603 гектар жерге егін шаруашылығы дақылдары орналастырылса, осының 17920 гектарына Сыр маржаны егілген. Шаруашылық құрылымдарының берген мәліметтеріне жүгінер болсақ, күріш егісінің 95,0 пайызы жақсы деп бағаланып отыр.
ДӘУЛЕТ 19 қыркүйек 2013 г. 1 535 0

ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДІҢ ЕРЕН ҮЛГІСІ

«Елдің атын ер шығарады» демекші, қасиетті Сыр өңірінің мақтанышына айналған, есімдерін қастерлеп айтып жүрер азаматтар бұл өлкеде аз емес. Сыр өңірінің халқы өздерінің аяулы ұлдарын қастерлей де, ардақтай білетін дархан жұрт. Осындай мақтан тұтар Сыр перзенттерінің бірі – Еңбек Ері Цай Ден Хак.  
ТАҒЫЛЫМ 19 қыркүйек 2013 г. 2 045 0

ПАРТИЯ ЖАҢА БЕЛЕСТЕ

Кеше «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен тыс ХІІІ конференциясы өткізілді. Конференцияны аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ашып, жүргізіп отырды. 
АҚПАРАТ 19 қыркүйек 2013 г. 1 343 0

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Ағымдағы жылғы 16 қыркүйекте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің бірқатар тұрғынын қабылдады. Аймақ басшысының қабылдауында зейнеткерлер мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін топтың өкілдерімен қатар, әр түрлі саланың мамандары да болды. 
АҚПАРАТ 19 қыркүйек 2013 г. 1 072 0
БІР ҰЖЫМДА – ҮШ МИЛЛИОНЕР

БІР ҰЖЫМДА – ҮШ МИЛЛИОНЕР

Білімнің дамуы адамзат өркениетінің өлшемі, қоғам дамуының басты көрсеткіші саналады. Елбасы өзінің «Қазақстан-2050» Жолдауында білім саласын жан-жақты дамытуды негізгі тірек ете отырып, болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан белгілі бір кәсіпке бейімдеу қажеттігіне көңіл бөлді. Соған орай бүгінгі ұстазға жүктелетін міндет пен артылатын сенім деңгейі өсті. Бұдан он жыл бұрынғы ұстаз бен бүгінгі мұғалімді салыстыруға болмайды. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел байлығын еселеп тасытатын, заманауи технологияны жан-жақты меңгерген озық ойлы маман, білікті ғалым, біртуар өнертапқыш. Өркениетке ұмтылған елдің ертеңін осы тұрғыда тәрбиелеу бүгінгі ұстаздан терең білім мен жоғары біліктілікті талап етеді. Сонымен қатар, аймақ басшысы облыс мұғалімдерінің тамыз мәслихатында қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінің әрбір ұстазы алты Алашқа үлгі болуы қажеттігін баса айтқан-ды. Мұғалімнің мәртебесін көтеруді бағамдаған әкім өз қатарынан ілгері озып, білімді шәкірттерімен мақтана білген бір топ озат ұстазға қомақты қаржыны да қоса ұсынды. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққандардың арасында №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының үш бірдей мұғалімі бар. Біздің бүгінгі әңгімеміз солар жайлы болмақ. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР / АҚПАРАТ 19 қыркүйек 2013 г. 2 015 0