Жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді

Жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді

 Қызылордалықтар енді жүргізуші куәлігін элек­трон­дықүкімет порталында ауыстыра алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының ХҚКОдепартаментінде өткен бас­пасөз турында айтылды. Департамент бас­­шысыныңорынбасары Жандос Қадырбайдың айтуынша, жүргізуші куәлігін ­онлайн тәртіптеауыс­тыру үшін электрондық-цифрлық қол­таңба қажет. Қызмет алушы egov.kzпорталында авторизациядан өткеннен кейін электрондық өтінішті толтырып, қолқоюы тиіс. Өтінішпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-суретін де жолдап,мемлекеттік баж салығын төлеуі қажет. Қызметті онлайн тәртіпте рәсімдегенненкейін жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен толтырылған электрондықөтінішті және «Қызметтерді төлеу тарихы» бөлімінен мемлекеттік баж салығынтөлеу туралы электрондық чекті басып шығарып, дайын құжатты алып кету үшінмамандандырылған орталыққа баруына болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2018 г. 588 0
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер 10-12 сәуірге арналған ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2018 г. 535 0
Қызылорданың 200 жылдығына орай танымдық кеш өтті

Қызылорданың 200 жылдығына орай танымдық кеш өтті

   А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Қызылорда: кеше, бүгін, ертең» атты тарихи-танымдық кеш болып өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2018 г. 1 367 0
Шартты өрт 40 минутта сөндірілді

Шартты өрт 40 минутта сөндірілді

Қызылорда қаласындағы «Жібек жолы» сауда-ойын-сауық орталығында өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді, шарт бойынша ойын-сауық орталығының қызметкерлері өртті байқап, басқа жұмысшыларға ескертті. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2018 г. 710 0
Арыз-шағым электронды түрде қабылдануда

Арыз-шағым электронды түрде қабылдануда

Кеше қалалық сотта 2018 жылдың 3 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстарды қорытындылады. Баспасөз конференциясын қалалық сот төрағасы М.Еркінбеков ашып, сот жұмысының статистикалық көрсеткіштерімен таныстырып өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2018 г. 641 0
Спорт кешеніндегі жаттығу

Спорт кешеніндегі жаттығу

«Тарлан» спорттық жекпе-жек және күштік спорт түрлері әмбебап дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өрт-тактикалық жаттығу өткізілді. Кешен екі қабатты ғимаратта шағын болса да, онда күнделікті 100-ден астам балалар айналысатын бокс, күрес және таэквондо, ауыр атлетика, жаттығу залы,  сондай-ақ асхана, сауна және жатақханасы бар.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2018 г. 441 0
Медицина қызметкерлерінің тіршілігімен танысты

Медицина қызметкерлерінің тіршілігімен танысты

ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Қызылорда облысы бойынша филиалында 12 мамыр - «Медбикелер» күніне орай, «Ашық есік күні» өткізілді. «Ашық есік күніне» Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2018 г. 862 0
Құқық қорғаушылар арасындағы футбол тартысы

Құқық қорғаушылар арасындағы футбол тартысы

Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының ұйымдастыруымен қызмет салалары және құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында футболдан жарыс өтті. Аталмыш жарыстың басты мақсаты - құқық қорғау органдары қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ете отырып, спорттық даярлығын көтеру болып табылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2018 г. 513 0
Салауатты өмір салтын насихаттады

Салауатты өмір салтын насихаттады

Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі «Дүниежүзілік денсаулық күнін» мерекелеу қарсаңында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлерінің  қатысуымен «Ашық есік күнін» өткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2018 г. 558 0
Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың негізі

Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың негізі

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі қағидаларын түсіндіру» әлеуметтік жобасы аясында  «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың негізі» атты облыстық семинар өтуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 сәуір 2018 г. 617 0