Қазақстанда мемлекеттік қызмет мектебі құрылады

Қазақстанда мемлекеттік қызмет мектебі құрылады

Мемлекеттік орган өкілдері бейресми жағдайда кездесіп, «Өзгерістерді өзіңнен баста» ішкі бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілердің санасын өзгерту мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» ішкі бағдарламасына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жетекшілік етуде.Кездесуде мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық мәдениетіндегі өзгерістер мәселелері талқыланды.ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тартымдылығына ықпал ететін екі жобаны жүзеге асыруға бастамашылық етуде.«Бірінші жоба – мемлекеттік қызмет мектебі – оқу ордаларының бітіруші студенттерін мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өткізуді қарастырады. Бұл тәсіл түлектердің қызметке орналасуы кезінде таңдау жасауына ықпал етеді», – делінген Агенттіктің хабарламасында.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2018 г. 577 0
Семинар өткізілді

Семинар өткізілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында семинар өткізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2018 г. 569 0
Флэшмоб акциясы өтті

Флэшмоб акциясы өтті

Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 16 сәуір күні аудандық «Жыраулар үйі» алаңында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2018 жылға арналған Кешенді жоспарына сәйкес Қармақшы ауданында «Адал жол – Честный путь!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өткізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2018 г. 763 0
Астанада Сингапур мектебі салынбақшы

Астанада Сингапур мектебі салынбақшы

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1500 оқушыға арналған Сингапур мектебі салынады. «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына 1500 оқушы білім алатын Сингапур мектебін салуды қалайтын инвестордан өтінім алды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2018 г. 450 0
Сан-Францискода таксист болып жұмыс істейтін қазақ жігіті белгілі миллионерді таңғалдырды

Сан-Францискода таксист болып жұмыс істейтін қазақ жігіті белгілі миллионерді таңғалдырды

  Қазақстандық бизнесмен Айдын Рахымбаев Сан-Франциско қаласындағы қазақ жастарымен кездесті. Аталған кездесуде шетелде жүргізуші болып жұмыс істейтін Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы белгілі миллионерді таңғалдырды. Бұл туралы Рахымбаев өзінің Facebook парақшысында жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2018 г. 627 0
Facebook фейк аккаунтты бұғаттайды

Facebook фейк аккаунтты бұғаттайды

Компания фейк аккаунттармен күресті күшейтетіндерін айтты. Енді жалған екені дәлелденген аккаунттар автоматты түрде өшірілетін болады. Мұнымен қатар, Facebook компаниясы АҚШ сенатының барлау бойынша комитетіне 25 қаңтар күні көрсеткен құжаттарында тіркеу процесі кезінде миллиондаған аккаунттарды бұғаттап отыратынын дәлелдеді. Яғни аккаунт ашуда келтірілген ақпараттар шындыққа жанаспайтын болса, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.Facebook жалған аккаунттармен күрес жүргізу үшін әрдайым белгілі бір шаралар қолданып отыратынын мәлімдеді. Айтуларынша, мұндай аккаунттардың тарауы компания саясатына қарама-қайшы.«Күн сайын тіркелу кезінде миллиондаған аккаунтты бұғаттап отырамыз. Жетістіктеріміздің арқасында Франциядағы сайлауға қатысы бар деген 30 мың аккаунтты жойдық», – делінген түсініктемесінде.Ал Twitter компаниясы өз кезегінде күн сайын 450 мың аккаунтты бұғаттайтынын айтты.Естеріңізде болса, Әлеуметтік желіде лентаға өзгеріс енгізілетіні айтылғаннан кейін Facebook акциялары арзандады. Осы өзгерістің салдарынан Марк Цукерберг 2,9 млрд долларынан айырылды. Дереккөз: Baq.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2018 г. 487 0
Астана әкімдігінің қызметкерлері енді таксимен жүреді

Астана әкімдігінің қызметкерлері енді таксимен жүреді

Астана әкімі Әсет Исекешев елордалық билік өкілдерінің таксиге қашан ауысатынын айтты. Оның айтуынша, әкімдіктегілер мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, үкіметтен берілетін қызметтік автокөліктердің орнына такси қызметтеріне көшуді жоспарлап отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2018 г. 456 0
18 сәуірде Қазақстанда теле және радиоарналар уақытша тоқтатылады

18 сәуірде Қазақстанда теле және радиоарналар уақытша тоқтатылады

18 сәуірде «Қазтелерадио» АҚ-ның  спутниктің жерсеріктік және эфирлік телерадио хабарларын тарату желісінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2018 г. 534 0
Жалағашта 33 мыңға жуық гектарға дақыл егіледі

Жалағашта 33 мыңға жуық гектарға дақыл егіледі

Жалағаш ауданы бойынша 2018 жылы 32 722 гектар егін орналастыру межеленуде. Оның ішінде 18 100 гектар күріш, 285 гектар жаздық бидай, 50 гектар арпа, 2200 гектар мақсары, 3500 гектар жаңа жоңышқа, 5900 гектар ескі жоңышқа, 900 гектар картоп, 787 гектар көкөніс, 1000 гектар бақша дақылдары. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2018 г. 722 0
Аққұмдықтар ауылын көркейтуге жұмылды

Аққұмдықтар ауылын көркейтуге жұмылды

Республика бойынша бастау алған «Туған жерге тағзым» акциясы Аққұм ауылында өз жалғасын тапты. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2018 г. 538 0